Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



11:33
ЗЕРТХАНАШЫ ГҮЛБИКЕ

 

Арал – аймағымыздың облыс орталығынан шалғай орналасқан аудандарының бірі. Экологиялық апат аймағы санаталатын сол өңір тұрғындарының денсаулығына бүкіл әлем көз тігіп отыр десек, артық айтқандық емес. Жол дорбасын арқалап апат аймағын өзі көзімен көруге ынтық көптеген шет елдіктерді қала көшелерінен әлі де кездестіруге болады.

Ауданда мүмкіндігінше замануи медициналық құралдармен жабдықталған орталық аурухана бар. Жаңасы да бой көтеруде. Сол аурухананың зертханалық бөлімшесінде отыз жылдан астам уақыт қарапайым лаборант қызметін атқарып келе жатқан Гүлбике Әбжәмиқызы Қалиева бұл мақалаға арқау болмақ.

1961 жылы Арал қаласында дүниеге келген Гүлбике Әбжәмиқызы №220 орта мектепті ойдағыдай бітіріп ару қаламыз Алматыдағы республикалық медициналық колледжде лаборант мамандығына оқыды. Оны 1981 жылы аяқтап Арал аудандық орталық ауруханасына зертханашы болып жұмысқа орналасты. Осы кезге дейін сол бір орында еңбек етіп келеді.      

Әдетте пациенттер емдеуші дәрігердің өзіне жасаған медициналық қызметін көзбен көріп бағалай алады. Алайда соның бойындағы кеселді нақтылауға үлес қосқан зертханашы еңбегі тасада қалады. Тек саусағынан қан алғандағы қысқы мерзімді шым етіп ауырған сезім болмаса...

Көз майын тауысып, микроскопқа үңіле қараған зертханашының диагноз қоюдағы үлесі зор. Мұндайда мина іздеген сапер сияқты қателесуге болмайды. Өйткені асығыстық жасап талдау нәтижесіне немқұрайлы қарау бұрыс диагнозға жетелейді, дәрігерлі шатастырады. Сондықтан зертханашыға мол шыдамдылық, зор ыждағаттылық мен аса дәлдік қажет.

«Менің лайықты маман ретінде қалыптасуыма алғаш рет жұмысқа орналасқан кездегі бөлімше меңгерушісі дәрігер лаборант Ғаламнұр Ғалымжанқызы Бекмамбетованың жәрдемі тиді – деп еске алады Г.Қалиева. Ал Нәзира Қапанқызы Есжанованы өз ұстазым ретінде құрмет тұтамын. Өйткені ол кісі осы күрделі мамандықтың бар қыр-сырын жалықпастан үйретті».

Бүгінде ауруханадағы зертханалық жұмыс электронды микрсоскоп, үлкен гематологиялық талдау аппараттарының көмегімен жаңа сатыға көетріліп, салыстырмалы түрде біршама жеңілдеді.

Г.Ә.Қалиева өз саласы бойынша бірнеше рет білім жетідірген, жоғары санатты лаборант. Ол үлгілі еңбегі үшн сан рет түрлі марапаттарға ие болды. Ұжымда силы. Дәрігер лаборант Нұрбек Сұлтановпен, лаборант Айнұр Жарымбетовамен және тазалықшы Ләззат Жұбандықыовамен бірге дәрігерлердің дерт түрін нақтылауына қомақты үлес қосып келеді. 90-шы жылдары Аралда болған оба мен безгек дерттеріне шалдыққан науқастардан сақтық шараларын сақтай отырып талдауға материал алғаны және оны анықтағаны ерекше есінде қалыпты.

Гүлбике күйеуі құрылысшы Бақытпен бірге қазір химия-биология пәнінің мұғалімі Клараны және Арал аудандық әкімшілігінде заңгер болып жұмыс істейтін Берікті өмірге әкеліп тәрбиеледі. Сонымен қатар қыздарынан немере сүйіп отырған аяулы жан.

 

Гүлдана АСАНОВА,

Арал қаласы 

 

«Сыр медицинасы» газеті     

Просмотров: 681 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]