Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



18:22
Қызылорда облысында жаңа медициналық құрал-жабдықтар пайдаланылмай келген (video)

24.05.2017

 Қызылорда облысы Сырдария ауданында жаңа ауруханаға алынған медициналық құрал-жабдықтың 3 жылдан бері пайдаланылмай тұрғаны анықталды. 2014 жылы алынған құны 15 млн теңгелік жүрек-қан тамыры ауруларын анықтауға арналған аппарат мүлде кәдеге жаратылмаған. Аурухана басшылығы «олқылық қажетті маманның жоқтығынан» деп ақталып бақты. Ал функционалды-диагностикалық бөлімшенің іске қосылмауы салдарынан науқастар облыс орталығына сабылуға мәжбүр. Осы орайда аудандық прокуратураның қозғау салуымен «Денсаулық сақтау саласын жетілдіру» жобасы әзірленіп, емдік құрылғылар іске қосылды. Қазір ауруханада күніне 20 науқасты қабылдауға мүмкіндік бар.

Асхат Тәженов, Сырдария ауданының прокуроры:

- Жыл сайын 300-ден астам азамат әуре-сарсаңға салынып, оларға Қызылорда қаласына баруға жолдама беріліп отырған. Бұл ретте ол азаматтар әуре-сарсаңға түсіп, өз қаражаттарын жұмсап, ол жақта кезекте тұрады. Қазіргі таңда атқарылған жұмыстардың нәтижесімен барлық құрал-жабдықтар іске қосылды.

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/178675-yzylorda-oblysynda-zha-a-meditsinaly-ral-zhabdy-tar-pajdalanylmaj-kelgen

 

Просмотров: 893 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]