Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



07:20
Қызылорда облысында денсаулық сақтау саласының бюджеті 9,5 млрд теңгеге өсті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Жоғары мамандандырылған медициналық көмек ауқымын кеңейту үшін республикалық бюджеттен қосымша 1,5 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді, нәтижесінде жүрекке ашық ота жасау 20 пайызға, нейрохирургиялық операциялар саны 27, эндопротездеу саны 2 есеге өсті. Бұл туралы облыс әкімі Қырымбек Көшербаев халыққа есеп беру кездесуінде мәлімдеді. «2016 жылы біздің облысымызда республикада алғашқы болып ауыр патологиясы бар әйелдер үшін босанғаннан кейінгі оңалту орталығы ашылды. Дәрігерлердің айтуынша, босанғаннан кейінгі оңалту аналар мен сәбилердің денсаулығын нығайтуда тиімді жолдардың бірі болып саналады», - деді аймақ басшысы.

Өткен жылдың ақпан айында Қазалы теміржол ауруханасының базасында Арал, Қармақшы, Қазалы аудандарының және Байқоңыр қаласының тұрғындарына арналып үшінші ауданаралық нейроинсульттік орталық ашылды. Сондай-ақ, Қазалы орталық ауруханасында инсульт ауруларды оңалтуды жалғастыру бөлімшесі мен №3 қалалық емхана жанынан нейрооңалту орталығы іске қосылды.

Денсаулық сақтау жүйесінде қабылданған шаралар нәтижесінде туберкулезге шалдығу көрсеткіші 10 пайызға, туберкулезден өлім-жітім 17 пайызға төмендеген. Қан айналымы жүйесі ауруларынан өлім-жітім көрсеткіші 21 пайызға, қатерлі ісіктен 8 пайызға азайды. Тұрақты төмендеу үрдісі нәрестелер өлім-жітімінде байқалады. Өткен жылы бұл көрсеткіш 10,5 пайызға жақсарды. «1 ана өлімі тіркелді (2015 жылы мұндай қайғылы оқиға - 9). Алайда, мұндай жағдайлар мүлде орын алмауы тиіс! Біз соған қол жеткізуіміз керек.

  • сақтау саласы біздің жұмысымыздағы ең басым бағыттардың бірі болды және солай болып қала береді», - деп атап өтті Қ.Көшербаев.

 

Автор: Елубай Әуезов


Дереккөз: http://www.inform.kz/kz/kyzylorda-oblysynda-densaulyk-saktau-salasynyn-byudzheti-9-5-mlrd-tengege-osti_a3000963

Просмотров: 978 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]