Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



13:21
Вьетнамда денге безгегі өршіді

19.08.2017

Вьетнамда денге безгегі өршіп, кеңінен белең алып барады. Соңғы аптада індетті 10 мың адам жұқтырған. Ал қазір қауіпті ауруға 90 мың тұрғын шалдығып, оның 75 мыңына дәрігерлік көмек көрсетілген. Қаза тапқандардың саны 24-ке жетті. Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері індеттің таралуына аптап ыстық пен толассыз жауған жаңбыр себеп екендігін айтты. Өйткені бұл дертті таратушы масалардың көбеюіне септігін тигізіп отыр. Айта кетейік, денге безгегіне қарсы әзірге дәрі-дәрмек табылмай тұр. Ауру әсіресе қарт адамдар мен балалар үшін қауіпті.

Ву Минь Дьен, дәрігер:

- Өткен жылы маусым-шілде айында денге безгегіне қатысты бірнеше оқиға ғана тіркелген еді. Алайда биыл қауіпті дертті жұқтырғандар саны өте көп. Күн сайын мыңға жуық адамды тексереміз.

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/192185-vetnamda-denge-bezgegi-rshidi

 

Просмотров: 675 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]