Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



11:25
ТУБЕРКУЛЕЗДІ ҚАЛАЙ ТОҚТАТА АЛАМЫЗ?

Туберкулез туралы не білуіміз керек?

– Туберкулез қауіпті де жұқпалы ауру. Әйтсе де уақытылы және дұрыс емделсе одан толық жазылуға болады.

– Туберкулез - Кох таяқшасымен қоздырылатын, өкпені және де әртүрлі ағзаларды зақымдайтын жұқпалы дерт.

– Туберкулез таяқшасы науқас адам түшкіргенде, жөтелгенде, сөйлескенде, түкіргенде бірнеше миллиард Кох таяқшасы бөлініп,сау адам ағзасына тыныс алу мүшесі арқылы енеді.

– Туберкулез таяқшасы адамның шашы мен тырнағынан басқа жердің бәрін зақымдай алатынын есте сақтаған жөн.

 

Туберкулездің қандай белгілерін білуіміз керек?

– 2 аптадан аса уақытқа созылған ұзақ жөтел;

– Тәбеттің жоғалуы;

– Кеуденің ауруы;

– Түнде терлеу;

– Дене салмағының кемуі;

– Дене қызуының көтерілуі;

– Қажып, шаршау;

– Қан түкіру.

Осы аталған белгілердің бірі байқалса, медицина қызметкерлеріне қаралу қажет.

 

Алдын алу шаралары

– Жеке бас және қоғамдық гигиенаны сақтау;

– Ұтымды тамақтана білу;

– Флюорографиялық тексеруден жылына 1 рет өту;

– Ет пен сүт өнімдерін қайнатып барып пайдалану;

– Сәби туылған кезде міндетті түрде БЦЖ вакцинациялау және қайта ревакцинациялауды екпе жасату кестесіне сәйкес жүргізу;

– Салауатты өмір салтының қағидаларын ұстану қажет. Егер өзіңізде немесе жақындарыңыз- дың біреуінде ұзаққа созылған жөтелді байқасаңыз тез арада дәрігерге қаралыңыз! Туберкулезді тексеру және емдеу ақысыз жүргізіледі.

 

Ж.НҰРМАҒАНБЕТ,

«Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Шиелі аудандық орталық ауруханасы» МКҚК-ы туберкулезге қарсы бөлімшенің эпидемиологы.

 

Сурет vnormu.ru сайтынан алынды

 

«Өскен өңір» газеті, 25 ақпан 2017 жыл

Просмотров: 903 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]