Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



14:00
Toregeldy Sharmanov және Денсаулык Журналы Журнал Денсаулык

Бұл оқиға бұдан 44 жыл бұрын, яғни 1977 жылдың күз айында болған еді. Мұны жазбасам өзімнен басқа ешкім білмегендіктен қағазға түсіруді жөн көрдім. Кезінде облыстық денсаулық сақтау басқармасындағы баспасөз хатшысына «Денсаулық» журналымен байланысым бар дегесін мақала етіп берген едім. Соңы белгілі ғой. Біреудің озғанын көре алмайтын «қасиет» - аяғы «сиырқұйымшақтанып» кетті. Бірақ өкінбеймін.  

Сонымен, Алматы мемелекттік медициналық институтын 1976 жылы «үздік» бітіріп, 1 жыл Қызылорда қалалық біріккен балалар ауруханасында педиатрия мамандығы бойынша интернатурадан өттім. Келесі жылы бұрынғы Сырдария аудандық орталық ауруханада бала дәрігері болып жұмысқа орналастым (Аудан орталығы – Тасбөгет қыстағы).

Студент кезімде Ташкент қаласына қыдырып барғанымда кітап дүкенінен өзбек тіліндегі медициналық оқулықтарды көріп қатты таң қалдым. Әрі қызықтым, әрі қызғандым. «Неліктен өз қазақ тілінде тым болмаса, бір журнал шықпайды» деп.

Есітуімше, эстон тілінде «Денсаулық» журналы шығады екен. Жастық қой! Солардың бәрін тілге тиек етіп Қаз КСР-ның сол кездегі Денсаулық сақтау министрі Toregeldy Sharmanov-қа хат жолдадым. Осылай да осылай қазақ тілінде Денсаулык Журналы Журнал Денсаулык қажет деп.

Содан министрліктен маған хат келді. «Сіздің ұсынысыңызды министрлік жанындағы ғылыми-медициналық кеңесте арнайы қарадық. Бәрі дұрыс. Құптаймыз. Алайда алдағы кезде журнал шығатын болар» деген. Бұл хат қолыма тигенде төбем көкке жеткендей қуандым. Қарапайым дәрігердің хатына министрдің өзі жауап берді!!!

Бұл оқиға Toregeldy Sharmanov көкемнің есінде болар.

13 жылдан соң 1990 жылы «Денсаулық» журналы жарық көрді. Кейін біліп жатырмыз ғой, қазақ тіліндегі «Денсаулық» журналының өткен ғасырдың 20-ы жылдары жарық көріп, кейін жабылып қалғанын.

Өзім 1996 жылы бастама көтеріп «Дерт пен Дауа» атты алғашқы облыстық медициналық газет шығардым. Бүгінде бұл газет «Сыр медицинасы» атауымен ширек ғасыр (25 жыл) жалғасып келеді.    

Toregeldy Sharmanov көкеме денсаулық және барлық бастамасына жетістік тілей отырып, осы оқиға туралы бір пікір білдірер деген үміттемін. 

 

Серікбай СМАҒҰЛҰЛЫ,

«Сыр медицинасы» газетінің

бас редакторы

 

Просмотров: 446 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]