Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



10:16
ТОҚСАН ТОҒЫЗ АУРУДЫҢ ЕМІ – ЕШКІ СҮТІ


 
Бұрынырақ әжеміздің анасынан емізулі қалған баланы бауырына басып, ешкі сүтімен өсіргендігі туралы еститінмін. Уыз сүтіне жарымаса да әлгі ағамыз ана мейіріміне мейлінше қанығып өсті. Денсаулығында да кінәрат болмады. Керісінше шымыр, батыл, ойға алғанын орындамай қоймайтын жігерлілігі бізді тәнті ететін. Кейін Алматы қаласында жұмыс істеп жүргенімде көрші Валентина Игоровна атты кейуананың ешкі сүтінің көмегімен аты жаман аурудан арылғанын өз аузынан естідім. Мұндай мысалдар ел арасында көптеп кездеседі. Қимыл-қозғалысы ширақ осы бір жануардың адам ағзасына әсерін білеміз бе? Қолжетімді емнің қадір-қасиетіне бойлай алып жүрміз бе?
 

Бүгінгі әңгімеміз осы туралы өрбімек…
«Ешкілі үй ағы көп сиырлымен тең» деген қазақ халқы түліктің бұл түрінің адам ағзасына пайдалы екендігін өте ерте замандардан бері білген. Ешкі малын қысқа сақтаған. Сіңімді әрі жеңіл, кенеуі де мол тағамның құнары молын сезінген. Оның сыры ешкі малының табиғатынан шөптің шүйгінін, яғни 550-ден аса түрін жейтін, судың тазасын ішетін өте талғампаз мал екендігінде жатса керек. Қазақ қыста сыртта тоңазып, суық алып әбден әлсіреген адамдарды жаңа сойылған қара ешкінің терісіне орап, ауруынан құлан-таза айықтырған.
Бүгінде бір ғана ешкі сүтінің өзі 99 түрлі ауруға ем екендігі дәлелденген. Халқымыз сүтті ешкілерді «бүйен емшек ешкі» деп атаған. Бүйеннен шыққан ағарғанның пайдасы туралы деректерге зер салсақ.
Адам ағзасына өте пайдалы өнім белгілі бір аурумен ауыратын науқастар үшін ең тиімді табиғи дәрі болып табылады. Бұл жануар сүті арқылы төмендегі аурулардан ажырауға болады.
Аллергияны асқындырмайды
Аллергияға бейім адамдар сүт өнімдерін, оның ішінде сиыр сүтін пайдалана алмайды. Мұндай науқастарға сөзге келмей ешкі сүтін тұтынуға мамандар кеңес береді. Ешкі сүті аллергияны қоздырмайды, сонымен қатар, оған бейімділікті түбімен жоятын қасиетке ие.
Ағзаны қалпына келтіреді
Ешкі сүтіндегі май түйіршіктері сиыр сүтіне қарағанда өте төмен. Сондықтан да адам ағзасына түскен ешкі сүті тез қорытылып, сіңетіндіктен, түрлі факторлардың салдарынан әлсіреген ағзаға өте пайдалы. Сонымен қоса ешкі сүтінің құрамында калийдің мөлшері өте көп. Сүт құрамындағы бұл элемент әлсіреген ағзадағы жүрек-қан тамыр жүйесі жұмысына өте қажет.
Сүйек сынығын қалпына келтіреді
Ешкі сүтінің құрамында сүйек тіндерін қатайтатын кальций және Д тобындағы дәрумендер қоры жеткілікті. Сондықтан да дәрігерлер балаға бір жастан бастап рахит ауруының алдын алу және оны емдеу үшін ешкі сүтін беруді ұсынады. Бұл жануардың сүтін сүйегі сынған адамдар күніне 1 стақаннан ішіп тұрса, сүйегі бітіп, қалпына келу үдерісі 2 есе жылдам болатын көрінеді.
Асқазанға ауырлық салмай, ішек жұмысын реттейді
Ішек микрофлорасының баланс бұзылысында ешкі сүтінен жасалған өнімдер ішек жұмысын қайта қалпына келтіруге көмектеседі. Сондықтан да бұл дерттен тезірек айығу үшін міндетті түрде ешкі сүтін ішіп, одан жасалған өнімдерді тұтынған дұрыс.
Асқазан және ішек ауруларының кез келген түріне ешкі сүті шипалы. Оның құрамындағы лизоцин асқазан және ішектегі шырышты қабық жараларын емдейді. Сонымен қатар, асқазан сөліндегі қышқылды бейтараптандыратын ерекше қасиеті бар. Егер асқазан жарасы зардабын тартып жүрсеңіз, онда күн сайын таңертең аш қарынға ешкінің 1 стақан шикі сүтін ішу көмектеседі. Содан кейін кешке дейін 2 стақан сүтті  тауысу қажет. Емдік курс 21 күн жүргізіледі.
Диатез дертінде таптырмайтын дауа
Қазіргі кезде көптеген балалар мен олардың ата-аналары диатез және терінің қабынуы сияқты дерттеріне жиі шалдығады. Мұндай аурумен ауырған баланың емделуі ұзақ уақыт алады. Ал бұл дерттен ешкі сүтін ішіп біржола арылуға болады. Дәрігер-педиатрлардың анықтауынша, ешкі сүтін жиі ішетін балалар диатез дертіне шалдықпайды екен. Сондықтан да балаға үзбей ешкі сүтін беріп, түрлі дерттің алдын алған дұрыс.
Ұйқы безінің қабынуына қалтарыста қалдырады
Ешкі сүтінің ұйқы безінің қабынуында (панкреатит) да пайдалы екендігі дәлелденген. Бұл дертке шалдыққан науқас күніне 0,5 стақан шикі сүтті тамақтың алдында 2 ай бойы ішуі қажет.
Қант диабетіне қарсы амал
Халықтық медицинада қант диабетімен ауыратын науқастарға ешкі сүтімен жүргізілетін емдік тәсілдер өте көп. Соның бірі күніге әр 2 сағат сайын ешкі сүтін үзбей ішуге кеңес береді. Бірақ мұндай ем жүргізген кезде дәрі-дәрмек ішілмейді екен.
Қатерлі ісік қауіптілігін сейілтеді
Ешкі сүтінің қатерлі ісік ауруының алдын алып, оның жеңіл түрлерінен айықтырады. Сондай-ақ, иммунды жүйені қатайтады.
Жүкті аналарға жағымды тағам, емізулі анаға ерекше ас
Ешкі сүті құрамындағы дәрумендер, микро және макроэлементтері ана ағзасы мен жатырдағы бала үшін өте пайдалы азық болып табылады. Ал сүт құрамындағы кальций баланың сүйегін дұрыс қалыптастыруға септігін тигізсе, болашақ ана тістерінің түсуін және тырнақтарының сынуын болдырмайды.
Емізулі ана күнделікті ешкі сүтін пайдаланса, өзінің ағзасымен  қоса баланың ағзасын дәрумендер қорына байытып, жаңадан қалыптасып, дамып жатқан сүйектерін қатайтады. Сондай-ақ, ешкі  сүтін үзбей ішетін емізулі ана қан аздық дерті мен дәруменнің жеткіліксіздігінен сақтандырылады.
Артық салмақтан айырады, кос¬метологияда көмегі зор
Ешкі сүті майлы болғанымен, ол ағзаға май жинамайды. Ал құрамы дәрумендерге өте бай бұл сусын, емдәм ұстап жүрген адам ағзасын түрлі дәрумендермен қоректендіреді.
Косметологияда да өз орнын тапқан ешкі сүті терідегі түрлі бөртпелер мен дақтарды кетіруте табиғи тазартқыш құрал болып табылады. Сонымен қоса теріні ағартып, шаштың түсуін тоқтатады. Ол үшін әр шашты жуған кезде, ешкі сүтімен шайып тұру қажет.
Жүрек ауруын жазады
Сиыр сүтіне қарағанда ешкі сүтінде В12 дәруменінің құрамына кіретін кобальттың мөлшері 6 есе көп, ал калийдің жоғары мөлшері жүрек-қантамыр жүйесінің қызметіне оңтайлы әсер етеді.
Сондай-ақ ешкі сүті аурудың алдын алуда, әсіресе, анемияда, туберкулезде, ағзаның қорғаныс қызметін арттыруда, ағзадан ауыр металдардың тұздары мен радионуклидтерді шығаруда және көздің нашар көруінде пайдалы екендігі дәлелденген. Канадалық дәрігерлердің айтуынша, ешкі сүті тері мен буын ауруына шалдыққан адамдардың денсаулығына жақсы әсер етеді, фибромиома мен балалар эпилепсиясын емдеуде аса пайдалы.

Онкологиялық аурулардың алдын алады.
Болат АХМЕТОВ, Байқоңыр қаласының тұрғыны. – 1999 жылы қатты науқастандым. Алдымен аз-аздан бүріп жүрген асқазаным соңынан ас ішуге қауқарсыз күйге түсірді. Дәрігерлер ем-дом тағайындағанымен, оның көмегі болмады. Күн сайын әлсірей бердім. Осындай күндердің бірінде жағдайымды сұрап келген Алексей есімді әріптесім Мәскеуде Дмитрий Александрович Козлов есімді дәрігер барын айтты. Арада көп өтпей аз-маз жиған ақшамды алып, Ресейге жол тарттым.
Жеке клиникадағы дәрігерлер жан-жақты тексеріп, асқазанымда көлемді жара барын, оған ота жасалатынын, алайда алдымен дәрігер тағайындаған емді орындауым керектігін айтты. Солардың бірі – шикі ешкі сүтін ішу еді. Мен дәрігердің нұсқауын орындап, сүттің бұл түрін мөлшерімен тұтынуды әдетке айналдырдым. Арада 2 ай өтісімен денсаулығым оңалғанын байқадым. Дәрігеріммен ойласып, тағы 2 ай сүт ішуді жалғастыруымды сұрадым. Ісім нәтижесін берді. Бес айдан соң Ресейге барғанымда менің жағдайымды көрген ақ халаттылардың өзі «чудо!»,– деп таң-тамаша қалды. Асқазанымның жағдайы айтарлықтай жақсарыпты. Міне, содан бері ешкі сүтін ішуді тоқтатқан жоқпын. Алғашында оны табу оңайға соқпайтын. Қазір кәсіп етіп отырғандар көп. Болашақта жер үйге тұрып, бизнес үшін емес, өзім, отбасым үшін ешкі малын асырағым келеді.
Осылайша отасыз ауруымнан айықтым. Қазіргі күйімді өзіңіз көріп отырсыз.
Мөлдір АЛДАСЫБЕРГЕНОВА, дәрігер:
– Ешкі сүтінің нәруыздары аса сапалы, басқа азықтарға қарағанда тиаминге бай. Ал тиамин – «В» тобы дәрумендері арасындағы маңызды дәрумен, өмірдің әр кезеңінде пластикалық және энергиялық алмасуға қатысады. Оның құрамында қырықтан астам биологиялық компонент бар. Жоғары азықтық және биологиялық құндылығы бар ерекше тағам адам ағзасында 100 пайыз дерлік сіңіріледі. Сондай-ақ, ешкі сүтінде кальций, магний, фосфор, марганец, мыс, А, В1, С және Д дәрумендері, аскорбин қышқылы бар. Сиыр сүтіне қарағанда ешкі сүтінде В12 дәруменінің құрамына кіретін кобальттың мөлшері 6 есе көп, ал калийдің жоғары мөлшері жүрек-қантамыр жүйесінің қызметіне оңтайлы әсер етеді.
Бір ғана кобальт басқа жануарлардың сүтіне қарағанда ешкі сүтінде 6 есе жоғары болады. Калий мен магнийді халық ешкі сүтінен алса, холестеринді азайтып, бүйрекке тас жиналуының алдын алады. Сондай-ақ қан қысымы қалыпқа келеді. Ешкі сүті альбуминге бай болғандықтан, құрамындағы ақуыз ағзаға тез сіңеді.
Ескере кететін жайт, мамандар ешкі сүтін танымайтын адамдардан, кез келген жерден сатып алуға болмайды. Сарып (бруцеллёз) ауруының инфекциясын жұқтырып алуыңыз мүмкін. Ішек ауруларымен ауырып қалмас үшін сатып алған сүтті жақсылап қайнатып алғаны жөн екендігін айтады.
Медицина майталмандары Гиппократ ешкі сүтін құрт ауруымен ауырғандарға ем ретінде ішуді ұсынса, Ибн Сина кәріліктің алдын-алудың жолы деп ұғындырған. Осындай емге толы ешкі сүтін күнделікті тамақ рационына енгізудің маңызы зор.
 

Деректер негізінде әзірлеген: А.МЕЙІРХАНОВА
http://qazaly.kz/to-san-to-yz-aurudy-emi-eshki-s-ti/ 
 

Просмотров: 2446 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]