Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



15:24
ТІС ПАСТАСЫ МЕН САҒЫЗДАН ДЕНСАУЛЫҚҚА АСА ЗИЯНДЫ ЗАТ ТАБЫЛДЫ

Франция мен Люксембург гастроэнтерологтары көптеген тіс пасталары мен сағыздардың құрамында болатын заттың денсаулыққа аса қатерлі екенін анықтады. Бұл туралы Scientific Reports журналында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғалымдардың зерттеуі бойынша, E171 (диоксид титан) бояуының денсаулыққа зияны көп. Ол қатерлі ісік ауруын туындататын канцереген болуы мүмкін. Бұл тұжырымға ғалымдар көртышқандарға жасаған зерттеуінен кейін келіп отыр. 100 күн бойы қатарынан E171 қоспасы берілгеннен кеін, көртышқандардың 40%-да қатерлі ісік ауруларының алғышарттары қалыптасқан.
Айта кетейік, E171 қоспасы титан өнеркәсібінің басты өнімі саналады. Тағам өнеркәсібінде ол негізінен ақ түс беру үшін пайдаланылады. Әсіресе, тәттілер мен сағыздарға, тіс пастасы мен күн сәулесінен қорғайтын кремдерге көп қосылады екен.
Бұған дейін АҚШ ғалымдары балмұздақтың да денсаулыққа зиян екендігін анықтаған еді.

http://aqmeshit-aptalygy.kz/tis-pastasy-men-sa-yzdan-densauly-a-asa-ziyandy-zat-tabyldy-2/

Просмотров: 1152 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]