Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



16:43
ТАЗАЛЫҚ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

Балғындарды ерте жасынан салауатты өмір салтын ұстануға үйретудің маңызы зор. Себебі, денсаулығы мықты ұлт қана бәсекеге қабілетті бола алады. Сондықтан, жер-жерде дұрыс тамақтану, дене белсенділігін арттыру және т.б насихаттау жұмыстары қолға алынуда. Міне, сондай ауқымды шара Жайылма ауылындағы №1 «Камшат» балабақшасында өрбіді.
Нақтырақ айтқанда, «Таза қол» акциясы аясында бүлдіршіндерге тазалықтың пайдасы кеңнен түсіндірілді.
Шараны «Қоғамдық денсаулық басқармасының ұйымдастыру құқықтық жұмыс және мониторинг» бөлімінің бас маманы Шынар Бердалиева ашып, жиынның мақсатына тоқталды. Сондай-ақ, тазалық аясында хабарлама жасалып, балаларға тамақ ішер алдында міндетті түрде қолды жуудың маңызы және тазалық денсаулықтың кепілі екені түсіндірілді. Баланы бүлдіршін кезінен тазалыққа дағдылану керектігін медбике Самал Аманкелді мен әдіскер Айдын Кекілбаева көрініс арқылы көрсетті.
Балабақша меңгерушісі Құндыз Сматова мамандар кеңесіне жылы лебізін білдірді.

Жұпар ШАЙМЕРДЕНОВА.

http://zhanaqorgan-tynysy.kz/tazaly-densauly-kepili/

Просмотров: 1166 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]