Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



08:25
ТАИЛАНДТАН КЕЛГЕН ЖҰМЫСШЫЛАР ТАИ МАССАЖЫН ЖАСАП АҚША ТАУЫП ЖҮР

Елімізде тай массажын жасайтын орталықтар саны едәуір артқан. Біз тай массажы туралы толығырақ білу үшін массаж салонының директоры Майра Мұратоваға жолығып сұхбат алған едік, деп жазады Замана.

Майра Бақбердіқызы, алдымен оқырмандарды таи массажының қыр-сырымен таныстырып өтсеңіз. Бұл қандай массаж, қалай жасалады?

Бұл массаждың негізін қалаушыдоктор Шивака деген үндістандық адам. Кәсіпқой, өз ісіне берілген тай массажистері асығыс-үсігіс уқалап, ақшаңызды қалтасына сала салмайды. Олар өздері Будданың досы деп сенетін доктор Шиваканың клиентіне жәрдем беруін тілеп, іштерінен мантраларын оқып отырып жасайды. Сонда массаж адамға энергетикалық деңгейде әсер етіп, оның нерв жүйелерінің тынышталып, жанының жай табуына көмектеседі.

Тайландтағы уқалаудың қыр-сыры, құпиясы жайлы жазылған кітаптардың бәрін шапқыншылық кезінде дұш­пандары өртеп жіберген деседі. Содан кейін елді билеп­ тұрған Рам патша өрттен аман қалған кітаптың қиындыларын жинатып, массаждың жасалу техникасын Будда ғибадатханасының қабырғасына жазып қал­дыру керегін бұйырады. Ол қабырға күні бүгінге дейін сақталған.

Енді дәстүрлі тай массажының жасалуына тоқталар болсам, массажшы биологиялық белсенді нүктелерге әсер етуден бастап, уқалау, сипау, керіп-созу, буындарды үзу, тереңдете нұқу, денені ауырмайтындай етіп созып-бұрау сияқты тәсілдерді қолданады. Массажға саусақтар мен алақан ғана емес, қол сырты, шынтақ, иық, тізе мен табан да қолданылады.

Бәрі рет-ретімен болғанымен де әр массаж сеансының өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл массаж жасаушының бұлшық еттердің қайсысы қысылып қалғанын анықтауына бай­ланысты.

Тай массажын жасайтын салон ашу идеясы сізге қалай келді? Массажистерді қалай таптыңыздар?

– Мен мұнда атқарушы директормын. Біз мұндай жақсы нәрсені қалың жұртшылық білсін, пайдасын көрсін деп Шымкентте де ашуды ұйғардық. Себебі бұған дейін мұн­дай салон бізде болмаған. Сөйтіп біз былтырғы жылдың қазан айынан бастап Тайландқа барып, массажистерді іздеп, іріктей бастадық. Тай массажын жетік меңгерген тәжірибелі мамандар Оңтүстік Ват Пхо мектебінен шыға­тынын біліп, сонда бардық. Сөйтіп, ондаған массажис­тердің арасынан үш әйелді таңдап алдық. Біреуі 51-де, бала-шағасы немерелері бар, екіншісі – 48-де, оның да балалары жиырмадан асып кеткен, үшіншісі – 38-де, он екі жасар баласы бар. Біз жас, әдемі қыздарды әдейі әкел­медік. Себебі белгілі. Оның орнына ұзақ жылғы тәжіри­бесі бар, өз ісінің шебері, массажды ақша табудың жолы деп емес, жан-тәнімен беріліп жасайтын адамдарды таңдап әкелдік. Олар да оп-оңай келе салған жоқ, біздің ұсыныстарымызды, қоятын талаптарымызды зерттеп, зерделегеннен кейін келісім-шартқа отырды. Сөйтіп біз жұмысымызды биылғы сәуір айынан бастадық.

– Енді массаждың түр­лері мен олардың бағасына тоқталып кетсеңіз…

– Тай массажының түр­лері көп. Соның ішінде біздің салонда дәстүрлі тай массажы, аяққа жасалынатын «фут» массаж, маймен жасалынатын «ойл-массаж», бас пен мойынға жасалынатын массаж, ыстық тастармен жасалынатын «стон» массаж, емдік шөптердің жиынтығы салынған қапшықпен жасалынатын массаж сияқты түрлері бар. Бағаларына келсек, бүкіл денеге жасалынатын массажға сағатына – 9000 теңге, аяққа және бас пен иыққа жасалынатын массаждың сағаты – 5000 теңге, жарты сағатқа – 3500 теңге. Егер бүкіл денеге бір жарым сағат жасатар болса – 12 000, екі сағаты – 16 000 теңге. Бетке жасалатын тай массажының жарты сағаты – 3000 теңге.

Сонымен қатар бізде СПА-бағдарламалар бар. Мысалы, «Тайский рай» деген бағдарламада 10 минут саунаға түсіп, 40 минут пилинг жасатасыз, одан кейін 20 минут «гидромассажная аромаванна» қабылдап, бір сағат денеңізге маймен жасалынатын «ойл-массаж» жасатып, 10 минут цукат қосылған жасмин шайын ішесіз. Барлығына 2 сағат 20 минут кетеді, бағасы – 18 000 теңге.

«Клеопатра» деп аталатын ванна бар, яғни онда сүт толтырылған ваннаға бал қосылып, раушан гүлдерінің күл­тешелері салынады. Мұндай ваннаны қабылдау уақыты 20 минут, бағасы – 5000 теңге. Сосын прополис қосыл­ған тұзды ванна бар, прополис орнына самырсын (пихта) салуға да болады. Мұның бағасы жиырма минутқа – 3500 теңге.

Тай елінің аурасы сезіліп тұруы үшін қолданылатын заттардың барлығын Тайландтан алдырамыз. Массаж жасалатын бөлмелерге соған сай иіс беретін заттар себіледі.

– Сіздерге көбіне қай жастағы адамдар жиі келеді? Ерлер көп пе, әйелдер ме?

– Мына жастағы адамдар көп келеді деп айту қиын. Түрлі жастағы адамдар ке­ліп жатады. Бірақ көбіне жасы 30-дан асқан еңбек­қор, өзін-өзі сыйлайтын, ден­саулық күтіміне бей-жай қарамайтын адамдар келіп, саунаға түсіп, пилинг жасатып, массаж қа­былдап, демалып кетеді. Тұ­рақты түр­де келіп тұратын клиент­теріміз де бар.

Тай массажы шаршағанды басады, ұйқысыздықты жояды, қан айналымын жақсартады. Адамның қажетті нүктеле­рін басып жасалынатындықтан оның пайдасы ұшан-теңіз.

…Біз «Голден-тай» салонының қызметкерінен осындай жайлар жөнінде естідік. Майра Мұратованың айтуынша, ара-тұра акциялар, зейнеткерлерге, туған күн иелеріне және 14 жасқа дейінгі балаларға тұрақты түрде жасалынатын жеңілдіктері де бар екен. Ендеше, мұндай нәрселерді барып көрген кім-кімге де артықтық етпейді-ау.

http://aqmeshit-zhastary.kz/ajna/tailandtan-kelgen-zh-mysshylar-tai-massazhyn-zhasap-a-sha-tauyp-zh-r/

Просмотров: 915 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]