Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



15:43
ТАҢЕРТЕҢ БАСТЫҢ АУЫРУЫ ӨТЕ ҚАУІПТІ САЛДАРЛАРҒА АЛЫП КЕЛЕДІ - ҒАЛЫМДАР


Мамандардың айтуынша, дерттің себебін көбіне күйзеліспен, денеде су мөлшерінің азаюымен немесе диетамен байланыстырады, алайда шын мәнінде бұл өте қауіпті. Бұл жөнінде reactor.inform.kz жазды.

Стэнфорд университетінің ұйқыны зерттеуші докторы Морис Охайон мен оның командасы таңертең бастың созылмалы ауыруы қауіпті жағдайдың белгісі болып табылатынын анықтады, деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

Ұйқы мәселелерін зерттеуші мамандар Еуропада 19 000 астам адамды бақылап, күйзеліске түскен немесе үнемі күйгелек жағдайда жүретін адамдар басқаларға қарағанда екі есе бас ауруына шалдығады деп мәлімдеді.

— Таңертең бастың ауруына 13 адамның бірі ұшырайды. Таңертең бастың созылмалы ауруы күйзеліске шалдығудың негізгі белгісі болып табылады, — деп атап өтті Охайон.

Зерттеуде алкоголь, ұйқының бұзылуы және қан қысымының проблемалары да созылмалы бас ауруымен байланысты екенін атап көрсетілген.

— Бастың бас сақинасына қатысты емес қатты ауруы күйзеліс қаупін арттыратыны анық, алайда күйзеліс бас сақинасымен байланысты емес бас ауруының туындауы қаупін арттырмайды, — деп атап өтті Альберт Эйнштейн медициналық колледжінің неврология профессоры Ричард Липтон.

https://aqmeshit-aptalygy.kz/tanim/1753-taerte-basty-auyruy-te-aupt-saldarlara-alyp-keled-alymdar.html

Просмотров: 539 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]