Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



11:59
ТҰҢҒЫШЫН 30 ЖАСТАН АСҚАНДА ДҮНИЕГЕ ӘКЕЛГЕН ӘЙЕЛДЕР КӨП ЖАСАЙДЫ

Португалия ғалымдары тұңғышын 30 жастан асқанда дүниеге әкелген әйелдер көп жасайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап.

Ғалымдар жүктілігін кейінге шегере беретін жандар үшін жақсы бір жаңалық ашыпты. Олар тұңғыш сәбиін 30 жастан асқанда туған әйелдер, жас аналарға қарағанда ұзақ жасайтынын дәлелдеген. Зерттеу нәтижесі Journal of Public Health басылымында жарияланды.
Олардың зерттеуі көрсеткендей, кеш босанатын әйелдердің генетикалық бейімділігі ұзақ жасауға әсер ететін көрінеді. Бірақ, мамандар жүктілікті кейінге шегере беруге де болмайтынын ескерткен. Себебі 30 жастан кейін бала көтеру мүмкіндігінің де азаятынын алға тартады.
Ғалымдардың пайымдауынша, бұл болашақ аналардың тұрмыс деңгейі мен өмір сүру салтына да байланысты екен. Өйткені білімді әрі әл-ауқаты жақсы әйелдер басқаларға қарағанда баланы кеш туады.
Сол себепті олар салауатты өмір салтын сақтап, уақытылы медициналық көмекке жүгінеді. Сондықтан олардың жалпы өмір сүру ұзақтығы артады.
Салыстырмалы түрде қарағанда 20 жасында босанатын әйелдер денсаулықтарына аса мән бере бермейтіні анықталыпты.

http://aqmeshit-aptalygy.kz/t-yshyn-30-zhastan-as-anda-d-niege-kelgen-jelder-k-p-zhasajdy/

Просмотров: 637 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]