Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



06:54
Түркістанда жүйкесі сыр бергендер емделетін орталықтағы науқастардың 61-і құрт ауруын жұқтырған

Бұған дейін даудың ортасында қалған Түркістан қаласындағы психикалық-неврологиялық мекемеге қатысты тағы бір жәйсыз хабар шықты. Аталған мекемеде емделушілер арасында құрт ауруы дендеген. Бұл жайында бүгін облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр айтты. Осы мекемеде қаңтар айында жүргізілген профилактикалық шара кезінде жеті науқастың өкпесінен туберкулез дерті анықталып, қазір олардың саны 61-ге жетіпті. Тіпті кісі өлімі де тіркелген.

Ербол Садыр, ОҚО әкімінің орынбасары:

Тереңдетілген зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша бүгінгі күні осы туберкулез ауруымен 61 адам ауырып жатқандығы анықталып отыр. Оның ішінде бүгінгі күнге үш науқас қайтыс болды. Қазіргі кезде осы орталықтағы 363 қызмет алушы қатаң бақылауға алынды. Олар бойынша да тереңдетіп зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазір құрт ауруын жұқтырғандар ем қабылдап жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, олардың тең жартысы туберкулездің ашық түрімен ауырады. Психодиспансердің бірқатар қызметкеріне шара қолданалып, қызметтен шеттетілгендері де бар. Ал бүгін Алматыда брифинг өткізген фтизиатр-дәрігерлер Қазақстанда туберкулез дертіне шалдыққандар саны біршама азайғанын айтты. Өткен жылы дүниежүзілік көрсеткіште 9 сатыға төмендеген. Қазір 17 мың 456 адам құрт ауруына шалдыққандар есебінде. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 2,5 мың адамға кем.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ

http://astanatv.kz/news/show/id/55206.html
© Astana TV

 

Просмотров: 855 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]