Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



06:04
Түркістандағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында жатқан 61 науқас туберкулез жұқтырды

Түркістандағы №4 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында жатқан 61 науқас туберкулез дертін жұқтырды. Аты жаман ауру оларға бір-бірінен жұққан. Салдарынан өкпесі жарамай қалған үш сырқат көз жұмды. Бұл туралы аймақта іссапармен жүрген Денсаулық сатқау министірінің орынбасары мәлімдеді. Алексей Цойдың айтуынша, бастапқыда құрт ауруы 7 адамда білінген. Оларға тиісті деңгейде ем-дом жасалмағандықтан, дерт жаппай тарап кеткен. Ақыл-есінің ақауы бар жандарды қамқорлығына алған орталықта 500-ден астам науқас бар. Емделушілердің бойындағы сырқат жыл басында жүргізілген кешенді медициналық тексеру кезінде анықталған. Қазіргі таңда ведмоствоаралық комисия құрылды. Инфекция өршіп кетпес үшін науқастар оқшауландырылды. Қазір тиісті ем-дом шараларын алуда, -дейді мамандар.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары:

- Біз қазір осы жағдайдың бүге-шүгесіне дейін анықтауға кірістік. Алдында науқастардың жеке-жеке медициналық карталарын қарап шығамыз.Оған Алматы мен Астана және жергілікті жерден білікті мамандар жұмылдырылған. Топ жұмысын жасап жатыр. Қазірдің өзінде бірқатар медициналық мекеме басшылары тиісті жазасын алды.

Жандарбек Бекшин, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, МСЭҚ комитетінің төрағасы:

- Ең бірінші себебі осы жағдайдың дәрігерлердің диагностика жағынан және емдеу жағынан болған кемшіліктер. Осы аурулармен қарым-қатынаста болған тұрғындар, туыстары қазір біздің бақылауымызда. Олардың бәрі де есепке алынды. Оларға да осындай толығымен зерттеу жүргізіледі.

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-i-a/item/165050-tuberkulez-dertin-zh-tyrdy

 

Просмотров: 772 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]