Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



14:15
ТҰРҒЫНДАР ДЕНСАУЛЫҒЫН ТЕКСЕРТІП, МӘМС ЖӨНІНДЕ ТҮСІНДІРМЕ АЛДЫ

«Денсаулық пойызы» Тереңөзек кентіндегі вокзалда тұрғындарға қызмет көрсетті. Заманауи құрылғылармен жарақтандырылған көшпелі емханада УЗИ, рентген, қан лабораториясы орнатылған. Мамандардың қатарында кардиолог, хирург, стоматолог, гинеколог, невропатолог, кардиолог, терапевт және басқа да 23 саланың тәжірибелі дәрігерлері бар.
Алғашқы күні медициналық пойыз дәрігерлері 150-ден астам тұрғынына қызмет көрсетті.
Барлық облыстарда көрсетілетін дәрігерлік көмек пен қызметті сол облыстағы теміржол ауруханасының дәрігерлері көрсетеді. Тексеріліп болған соң азаматтарға аудандық ауруханаларға жолдама беріледі. Медициналық қызмет көрсететін пойыздың арқасында көптеген тұрғындар өз денсаулықтары туралы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жөнінде жан-жақты хабардар болды, – дейді «Денсаулық пойызының» бас дәрігері Қанат Тұңғышбаев.

https://kyzylorda-news.kz/news/lifnews/16347-tryndar-densaulyyn-teksertp-mms-zhnnde-tsndrme-aldy.html

Просмотров: 680 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]