Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



08:26
Сингапурлық ғалымдар жүрек ауруын емдейтін әдіс ойлап тапты

26.08.2017

Сингапурлық ғалымдар адам өміріне маңызды медициналық жаңалық ойлап тапты. Енді жүрек бұлшық етінің талшықтары зақымданатын болса, қайтадан өзін-өзі қалпына келтіре алады. Жүректің теріден айырмашылығы сол. Яғни егер тері зақымданса, дәнекер клеткалар жылдам бөлініп, жараның орны тез бітіп кетеді. Ал жүректе мұндай қасиет жоқ, оның бұлшық еті жараланса, қайта бітпейтін. Көбіне мұндай жағдай жүрек талмасына шалдыққанда кездеседі. Сондықтан да жүрек ауруы – әлемдегі адам өліміне басты себептердің бірі. Алайда сингапурлық ғалымдар жүрек клеткаларының бөлінуін жақсартатын Рибонуклеин қышқылын анықтады.

Роджер Фу, Сингапур генетика институтының профессоры:

– Жүрек бұлшық етінің қайта қалпына келуіне енді мүмкіндік бар. Өйткені клеткалардың бөлінуін арттыратын негізгі молекуланы таптық және оған «жырлаған жүрек» деген ат бердік. Егер осы молекуланы азайтып не тоқтататын болсақ, жүректің бұлшық ет клеткалары бөліне бастайды деп ойлаймыз. Ендігі мәселе – осы молекуланы тежеу әдісін табу. Алдағы 5-10 жылда мұны тауып, адамдардың аталмыш дертін емдеуге пайдалана бастаймыз деп үміттенеміз.

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/193339-singapurly-alymdar-zh-rek-auruyn-emdejtin-dis-ojlap-tapty

 

Просмотров: 884 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]