Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



13:51
Саламатты Қазақстан бағдарламасының атауы туралы

Әріптес жерлес інім Сәбит Бекмағанбетұлы Әбдіраимов Астанада жоғары лауазымды қызметте жұмыс істейтін. 2010 жылдың бір күні ұялы телефонмен хабарласып, денсаулық сақтау бойынша жаңа бағдарлама қабылданайын деп жатыр, соған атау қою керек. Маған басшыларым: «Сен Қызылордадансың ғой, қазақ тілін жақсы білесің. Ең бастысы «Нұр» деген сөз араласпасын» деген еді. Секе, көмектес, деп өтініш айтқасын «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы болсын дедім.

Сол атау  «Саламатты Қазақстан» - Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы болып қабылданды. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығымен қабылданды. Бағдарламаның мақсаты – еліміздің орнықты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту. 

Алыста жүрсек те, қарапайым жұмыс істесек те сөйтіп ел дамуына теңіз тамшысындай үлес қосқан жайымыз бар.

Серікбай Смағұлұлы,

медицина ардагері

   

 

Просмотров: 410 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]