Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



07:35
Сүлік қандай ауруларда көмектесе алады?

Гирудотерапияның не екенін көпшілік біле бермейді. Негізінде бұл сүліктің көмегімен емдеу. Сүлікті медицинаның түрлі саласында қолданатыны белгілі. Тіпті сүлікпен үй жағдайында өзіңіз де емделіп көруіңізге болады. Кез келген нұсқада да ең алдымен диагноз қойылуы тиіс және сәйкесінше гирудотерапияның әдістерін қолдана аласыз.

ЕМДЕУ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛІМДЕР.

Тәжірибеде келесі ем қабылдаулар ұсынылады:

сүлік салудың қарапайым түрі, ине салумен қатар жүргізілетін түрі, дәрілік емдеумен қатар жүргізілуі, фитотерапия және апитерапиямен қатар жүргізілуі.

Гирудотерапиядағы қарсы көрсетілімдер өте сирек: ағзаның әлсіреуі, қан аздық немесе гемоглобиннің аздығы, гипотония, жүктілік және 10 жасқа дейінгі жас аралығы, жеке төзімсіздік.

СҮЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ ҚАНДАЙ НӘРСЕГЕ НЕГІЗДЕЛГЕН?

Сүліктің екі жынысты түрі белгілі. Ол ерлер мен әйелдердің ферменттерін иеленген. Медицинада сүлік ферменттерінің қызметі және олардың сілекейлері кеңінен қолданылады. Белсенді заттар тромбинді тежейді, қанның ұюын азайтады және қабынудың алдын алады.

Бедеулік

Жатыр мойны аурулары. Әйелдер ауруларында сүлік орган бұзылыстарын қалыпқа келтіреді. Фиброма арқылы туындаған қан кетудің алдын алады. Климакс кезінде гирудотерапия жалпы жағдайды жақсартуға күш салады. Бедеулік кезінде жабысып қалған жерлерді өзгертуге, ашуға көмектеседі. Гирудотерапия курсын мастит немесе кеудеде сүт қатып қалған жағдайда да пайдаланады. Ісіну жоғалғанға дейін оны қайталаған дұрыс.

Кардиология

Инсульт жағдайына әкелетін артериялық қан қысымыңыздың көтерілуі кезінде гирудотерапияның пайдасы зор. Әрине, ем аурудың нақты механизмдеріне тікелей байланысты. Стенокардия да гирудотерапия ырқына жақсы көнеді. Бұл ауруға шалдыққан кезде денеге күш түсіргенде кеуде тұсында ауырсынулар сезіледі. Сондай-ақ сүлікті кардиосклероз немесе инфаркт жағдайынан кейінгі қалыпқа келу кезінде пайдалануға да болады. Жүректің қажетті жүктемені көтере алмауы жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдықтыратыны белгілі. Оның ең бір нақты белгісі тыныс алудың жетіспеушілігі болып табылады. Қан айналымның дұрыс жүрмеуі салдарынан аяқтың, кейде дененің кейбір мүшелерінің ісуіне алып келеді. Мұндай ауруларды емдеу үшін гирудотерапияяның ұзақ емдік курсы ұсынылады.

Тромбофлебит және тамырлардың варикозды созылуы

Қан тамырлары созылыңқы қалпын жоғалтуы салдарынан, кейбір жерлерде ол созылыңқы келеді. Бұл аурудың асқынуы әйел адамдарда жатыр қосалқыларының қабынуына алып келеді. Мұндай жағдайда гирудотерапияны тыныс алу гимнастикасымен қоса алу ұсынылады. Қанның қан тамырларда тежелуі тромбылардың қалыптасуына мүмкіндік береді. Олар қан тамыр жолын жауып, нәтижесінде оның қабырғалары қабынады. Тромбофлебитті аурудың бастапқы жағдайында сүлікті пайдалану арқылы емдеу мүмкін. Дәрігерлер теріс нәтиже күтпестен гирудотерапиямен емдеуді ұсынады. Варикозды аурудың қабынуы емделмейтін жаралардың пайда болуына алып келеді. Сүлік капиллярлардағы қан айналымды жақсартып, ісіктің алдын алып, жараларды емдеуге көмектеседі.

Урология

Қуық асты безінің аденомасы кезінде несеп жолдары, қуық қызметі бұзылады. Ересек жағдайда көпшілігі дәрігерге баруға асықпайды. Несептің бұлай жүруі қалыпты құбылыс деп есептейді. Алайда бұл көп жағдайда емдеуді күрделендіреді. Қуық жолдары ауруларын емдеу үшін сүлікті пайдалану өте тиімді. Оны фитотерапия және тыныс алу гимнастикасымен бірге пайдалану ұсынылады. Сүлікті пайдалану бүйрек жеткіліксіздігі және бүйрек кистозы кезінде де ерекше әсер береді. Сүлік салу ем шарасы қуықта тас болған жағдайда және цистит кезінде таптырмас ем.

Гирудотерапия тіндердегі зат алмасуды қалыпқа келтіреді және глаукома кезіндегі ісіну процесін тежейді. Аурудың асқынуын басып, алдын алуға көп мүмкіндік береді. Микробқа қарсы мүмкіндіктер көздің қабынуына жол бермейді. Мұрынның толассыз сұйықтық ағатын риниті кезінде гирудотерапия шырышты қабаттың ісінуі мен аллергияны жояды.

Сондай-ақ мидың шайқалуы кезінде, үшкіл жүйке ауруларында, бас ауруында, фурункулез бен травматологияда сүлік емін пайдалану тиімді әсер береді.

СҮЛІКТІ ҮЙ ЖАҒДАЙЫНДА ЕМ РЕТІНДЕ ҚАБЫЛДАУҒА БОЛА МА?

Гирудотерапияны үй жағдайында да меңгеріп алу оңай. Емді бастамас бұрын, маманның көмегіне жүгініп, нақты диагноз қойып алған жөн. Қабылдауға сүлік салатын адаммен бірге барған да орынды. Денеде сүліктің әсерін тез қабылдайтын бірнеше нүктелер бар. Әр аурудың осындай нүктелері бары анық. Кеңес алу кезінде дәрігер міндетті түрде сүлік салынатын жерді де анықтап көрсетіп бергені орынды. Гирудотерапияны ағза оң қабылдауы керек. Ем қабылдау шарасы тек қана медициналық сүлік негізінде орындалуы тиіс. Және де сүлікті алу, сақтау жағдайларымен дұрыс танысып алған да жөн. Сатып алар кезде жаңылмай, пайдасы тиетін сау сүліктердің болуына назар аудару керек. Сақтау шарттарын, судың ауыстырылуын және сүлікті күту жолдарын білген дұрыс. Пайдаланылған сүліктерді дұрыс жоюға да ерекше мән берген артық етпейді. Бір сүлікті үш реттен артық пайдалануға болмайтынын білуіңіз керек. Осындай нұсқаулықтардың барлығын оңды пайдалана отырып, сүлік салу ем-домын үй жағдайында да пайдалана аласыз.

reactor.inform.kz

Просмотров: 607 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]