Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



08:46
Оңтүстік Корея Қазақстанмен ауруханаларды басқару тәжірибесімен бөліседі

03.07.2017

 Бұл мәселе Сеулде өткен екіжақтық келіссөздерде қаралды. Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы және Алматы денсаулық сақтау басқармасының өкілдері Сеул ұлттық университеті госпиталінде болды. Ауруханаларды жоғарғы оқу орындарына басқаруға беру тәжірибесі Қазақстанда «Денсаулық» мемлекеттік бағдарлама аясында енгізілуі мүмкін. Сеул госпиталінің дәрігерлері елімізде алпыстан астам бауыр мен бүйрек ауыстыру операцияларын жасауда тәжірибелерімен бөліскен болатын.

Ли Кван Ун, Сеул ұлттық университеті госпиталінің вице-президенті:

- Мен төрт жыл бойы Қазақстанға барып жүрмін. Екі елде медицина саласы өркендеуіне бар жағдай бар деп ойлаймын, өйткені Қазақстанда ресурс пен әлеует, ал Кореяда медициналық технологиялар бар. Біз Қазақстан ауруханаларына қызметкерлерімізді жіберуді жоспарлап отырмыз. Олар жергілікті медициналық персоналмен жұмыс істеп басқару жүйесінің бағдарламалық жасақтаманы енгізе алады

Анар Мүсрепова, денсаулық сақтау министрлігінің өкілі:

- Біз Корея жағынан Қазақстанмен ынтымақтастыққа үлкен қызығушылықты көріп отырмыз. Бұл ынтымақтастық тәжірибе алмасудан, соның ішінді, дәрігерлер мен медбикелерді оқытудан басталу мүмкін. Сондай-ақ оңтүстіккореялық басқару технологияларын үйреніп алу мақсатымыз бар.

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/185174-o-t-stik-koreya-aza-stanmen-aurukhanalardy-bas-aru-t-zhiribesimen-b-lisedi

 

Просмотров: 740 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]