Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



18:14
Оңтүстік Қазақстандағы емдеу мекемелерінде туберкулез жұқтырғандар саны артты

Автор: Бек Әбиев
 

Өткен аптада ғана Түркістандағы ақыл-есі кемдерді емдейтін психоневрологиялық мекемеде 61 науқастың қауіпті дертке шалдыққанын айтқанбыз. Дерт тағы сол мекемедеғі төрт науқастан табылып отыр.

Мұны Астанадан арнайы келген Денсаулық сақтау вице-министрі бастаған комиссия анықтаған. Күнгейдегі өзге де мекемелерді жіті зерттеген топ Көксәйек ауылындағы психоневрологиялық мекемеден де 7 адамның туберкулезбен ауыратынын анықтапты. Ал, Шымкенттегі мекемеден 2 емделушінің жұқпалы ауруды жұқтырғанын білген дәрігерлер дабыл қағып, енді жаппай өзге де әлеуметтік нысандарды тексеру қажет дейді.

Мұхан Егізбаев, ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

-Білім беру басқармасында осындай 22 объекті бар. Осыларды да түгелдей тексеру мақсатында флюраапаратты қойып, тексеруден өткізуді бастаймыз.

 

Дереккөз: http://www.ktk.kz/kz/news/video/2017/02/27/76439

Просмотров: 958 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]