Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



09:06
Міндетті медициналық сақтандыру қазақстандықтардың денсаулығын жақсартуға септігін тигізеді - Алексей Цой

АСТАНА. ҚазАқпарат – 13 ақпанда Астанада ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цойдың төрағалығымен ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауындағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Елбасы өзінің биылғы Жолдауында денсаулық сақтау жүйесінің алдына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу, денсаулық сақтау саласын ақпараттандыру, дәрілік заттардың бағасын реттеу сынды бірқатар міндеттер қойды. Сондықтан біз кең көлемді ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын қолға алып, дайындық жұмыстарын жүргізуіміз қажет», - деді шараны ашқан вице-министр. Осы ретте ол міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу кезінде денсаулық сақтау саласы бәсекелестік ортаға берілетіндігін, бұл көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруды көздейтіндігін баса айтты. «Денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды енгізу, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру алгоритмдері мен клиникалық хаттамаларын енгізу, медициналық қызмет көрсету мақсатында денсаулық сақтау саласының субъектілері арасында байқау өткізу, медициналық қызметтерді аккредиттеу медициналық қызметтердің сапасын қамтамасыз етпек», - деді Цой.

Сондай-ақ Алексей Цой міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу қазақстандықтардың денсаулығын жақсартуға, өмір сүру ұзақтығын арттыруға, сапалы медициналық көмекті қолжетімді етуге, оны халықтың сұранысына сай етуге, амбулаторлық деңгейде дәрімен қамтамасыз етудің аясын кеңейтуге, денсаулық сақтау жүйесіндегі бейресми төлемдер көлемін азайтуға мүмкіндік беретіндігін атап өтті. «Ағымдағы жылғы 7 ақпанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізудің үшінші ақпараттық-түсіндіру кезеңі басталды. Аталған кезең халыққа, өндірістер, кәсіпорындар, ұйымдар, шаруашылық ұжымдары мен ҮЕҰ өкілдері арасында кеңінен ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қарастырады. Оның аясында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды туралы заңнамаға енгізілетін түзетулер туралы түсініктемелер беріледі», - деді вице-министр.

Автор: Марлан Жиембай

Дереккөз: http://www.inform.kz/kz/mindetti-medicinalyk-saktandyru-kazakstandyktardyn-densaulygyn-zhaksartuga-septigin-tigizedi-aleksey-coy_a2998853

Просмотров: 944 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]