Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



13:05
МИ ОБЫРЫН (РАГІН) ЕМДЕУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛІ ҰСЫНЫЛДЫ

Егер оны молекулярлық терапияның жаңа әдістерімен толықтырса, глиобластоманы дәстүрлі тәсілдермен емдеу барынша ықпалды болады.

Глиобластома обырлық ісіктердің ішіндегі барынша проблемасы молдардың бірі. Ол ерекше озбырлығымен, көршілес тінерге күшті енуімен және  сәтті өткізілгендей емдеу курсынан кейін жиі қайталаулармен (рецидивтермен) ерекшеленеді. Терапияның стандартты тәсілдері: хирургиялық операция, сәулелік терапия, химиотерапия. Диагноз қойылғаннан кейінгі бір жылдан соң бәрібір пациенттердің тек жартысы ғана, 2 жылдан соң - тек 15%-і ғана тірі қалады. Мұндай пациенттердің орташа өмір сүру ұзақтығы 15 айдай.

Вюрцбург университет
тік ауруханасының (Германия) ғалымдары глиобластоманы емдеудің жаңа әдісін ойластыруда. Ол ісіктің ми тіндеріне таралуын шектеуге бағытталған. Зерттеушілер ісік торшаларының миграциясын және инвазиясын реттейтін: Hsp90, PI3K және mTOR ақуыздарын анықтады.  Бұл ақуыздарды глиобластома торшалары мол көлемде синтездейді. Ғалымдар аталған ақуыздардың әсерін бөгеу (блоктау) ісіктің таралуын тоқтататынына және қазіргі қолда бар емдеу әдістерін барынша ықпалды ететініне сенімді.

 

«Сыр медицинасы» газеті.

 

Материалдың дереккөзі: https://www.medikforum.ru/news/medicine_news/66483-predlozhen-novyy-metod-lecheniya-raka-mozga.html

Просмотров: 555 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]