Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



08:29
МЕТАДОН: ҚАСІРЕТТЕН ҚҰТЫЛАР ЖОЛ ҚАЙСЫ?

Қазақ «тілеп алған аурудың емі жоқ» дейді. Расында адамдар өзі «тілеп алған»­  нашақорлық қоғамды жайлаған дертке айналды. Бүгінде мұны қалыпты жағдай етіп қабылдайтын деңгейге жеткенбіз. Дәрігерлер асқынып, шегіне­ жеткен бұл ауру туралы қаншама шырыл­дап  жатса  да, ешкімнің, ең әуелі құрдымға кетіп бара жатқан сол нау­қастардың  құлағына  жетер  емес. Наша­қо­рлық  жайы  тек  бізде  ғана  емес, бүкіл  әлемде өткір мәселеге айналғалы қашан. Оны толыққанды емдеудің шешімі әлі күнге табылмай, әлем елдері­н алаңдатып отырғаны да рас. Осы ретте медицина мамандары ха­лықтың  назарын  метадонға  аударт­қысы  келед­і. Сонымен, метадон дегені­міз­ не? Бұл таңсық дәрі – апиынды алмаст­ыру мақсатында жасалған син­тетикалық есірткі. Қоғамдық ұйымдар осы бір өнімді есірткі қолданушыларды емдеуге қолдануға үгіттеуден танбай келеді. Неліктен? Кейбір мамандар есірткі құмарларды метадон қолдану арқылы тәуелділіктен арылтып, өмірге қайта бейімдеуге болады десе, енді бірі онымен келіспейді. «Метадон – дәрі емес, есірткі. Егер біз метадонды қолдануға рұқсат берсек, онда есірткі пайдалануды заңдастырып, оған тәуелділердің санын одан әрі арт­тырып аламыз» дегенді алға тартады. Бірақ, бұл – бір­жақты  көзқарас. Қазақстанда метад­онды тәжірибе ретінде қолданудың  пилоттық  жо­басы  2008  жылы басталған-ды. Павлодар мен Теміртау қалаларында есірткі тұтынушылар  көп бол­ғандықтан, алғашын­да метадон осы екі қаладағы орта­лыққа тара­тылған. 2009 жылы мұның бірінші сатысы нәтижелі аяқ­талып, министрлік тарапынан аталмыш дәріні кең түрде қолдануғ­а бұйрық шығар­ыл­ған. Дәрі есірткіге тәуелді нау­қастарға өте қо­лайлы. Себебі бізде героинді ине арқылы қабылдайтын науқ­астар наркол­огиялық мекем­елерге барып,­ ешқашан емделмейді. Оларды күшпен де, жылы сөзбен де алып бара алмайсыз. Сондықтан өздігі­нен айығы­п кете алмайтын, бірақ қоғамға, жалпы адамзат­қа зиян­ды әсерінен құтыл­ғысы келетін науқастарға мета­дон өте тиімді. Әрине, метадон тәуелділікті емдей алмайды, бірақ қоғамдық қауіп­ті мей­лін­ше сейілтеді. Сонымен, Қазақстанда оны қолдану керек­ пе? Жалпы, метадон біз­дің қоғамға зиянды ма, әлде тиімді ме?

Өткен аптада медициналық колледждің бас оқу ғи­маратында «Қазақстанда АИТВ  індетінің  алдын алу және есірт­кіге тәуелділікті емдеу мақсатында қолдай­тын  алмас­тырушы  терапияның ауқымын кеңейту» жобасы аясында қоғамдық тыңдау өтті. Оған облыстық денсаулық сақтау бас­қармасының бас­шы­сы А.Әлназарова, «Аман-саулық» қоғамдық қорының президен­ті Б.Түменова және бірқатар медицина өкілдері қатысып, баяндама оқыды.

Медициналық сауаты жоқ халық «екеуі де есірткі болса, оны пайдалан­ғаннан  не  ұтамыз?» деп  ойлауы заңды­лық. Осы тұрғыда «Аман-саулық» қоғамдық қорының президенті Бахыт Түменова бұлардың  алшақтығының бар  екендігін  алға тартты.

– Ағымдағы жылдың басында Қазақстанда АИТВ жұқпасының 28 840 жағдайы тіркелді. Оның 50%-ы – ИЕҚТ, 20%-ы – жыныстық қатынаспен жұқтырғандар, 20%-ы – гомосексуалис­тер, 5 %-ы – жезөкшелер. Мына статистикадан қауіптің қаншалықты төніп тұрғанын байқауға болады. Бізге Ауғанстан, Тәжікстан елдерінен тасымалданатын есірткі заттары Қазақстан арқылы Ресейге өтеді. Ресеймен қойын-қолтық  араласып  жатқан  елміз. Осының барлығы біздің жастарымызға әсер етпей қоймайды. 2008 жылдан бері героиннің орнына метадон қолдану әдісі енгізілді. Героинге қарағанда метадон адамды есінен адастырмайды. Мәселен, азамат таңертең келіп наркологиялық диспансерден белгіленген мөлшердегі метад­онды ішіп алып жұмысына бара береді­. Бұдан кейін есірткі іздеп әуреге түспейді. Қазір көпшілік бұл жобаны түсінбегендіктен, қарсы пікір тудырып жатыр. Метадон қабылдаған азамат біртіндеп, есірткіге деген тәуелділіктен арылады. Егер азамат тәуелділіктен арыла алмаса, соңы үлкен проблемаға айналатынын бәріміз жақсы білеміз. Мәселен, орта есеппен айына есірткі қабылдау үшін 120-180 мың теңге қажет. Олар осы ақшаны табу үшін қылмысқа барады. Ал бір күндік қабылданатын метадонның бағасы – 180 теңге. Есірткіге тәуелді болған адамды емдеу өте қиын. Сондықтан мәселені осылай біртіндеп шешкен жөн, – дейді ол.

Әлемде 14,9 млн инъекциялық есірткі тұтынушы өмір сүреді. Аз цифр емес. Олардың жылына есірткі бизнесі­не әкелетін табысын айтуға ауыз жаңылады. Мәселен, біздің елде мың нашақор жылына қылмыс әлеміне 8 млн доллар АҚШ доллары көлемінде табыс әкеледі. Хош. Қазіргі таңда метадон дамыған елдер, оның ішінде Араб мемлекеттерінде де қолданылады. Ресей мен Өзбекстаннан басқа бұрынғы Кеңес­ өкіметінің құрамындағы елдер де метадонмен емдеу әдісін жолға қойған. Жалпы, бұл әдісті әлемнің 71 мемлекеті­ қолданс­а, Еуроодақ елдерінде 600 мыңнан астам адам метадон қабылдайды. Ал инъекциялық  есірткі  тұтынатын­дардың ішінде  біздің  елімізде  тіркелегені –  16 890 адам. Соңғы жылдары метад­он қолдану нәтижелі болып, оны пайда­ланатын 182 адам жұмысқа орналасты, 66 адам отбасын құрды, 3 отбасында дені сау бала туылды. Метадон қолданғандардың ішінде 96 пайыз адамдар өздерінің отбасылық жағдайы­ның, денсаулығының жақсарып келе жатқанын алға тартады. Ем қабылдағандардың 14 пайызы есірткіден бас тарып, толыққанды жақсарған. Демек, сіз бен біз ойлаған таңсық­ дәрінің тек зиянын емес, пайдасын да ескерген жөн. Сондықтан уды у қайта­ратынын  жадымызда  ұстайық.

Қ.ВЛАДИМИРҚЫЗЫ

Сурет Метадон сайтынан алынды.

http://www.halyk-gazeti.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=7459:2017-05-25-04-30-34&catid=6:2011-11-18-09-03-06&Itemid=6

Просмотров: 844 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]