Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



08:28
МЕРЕЙЛІ МЕЙІРБИКЕ

Дәрігер парызы, дәрігер адалдығы жайлы сөз қозғалған сайын¬ Гиппократ антын еске аламыз. Қазір оны біл¬мейтін сауатты адам сирек¬  шығар. Себебі дәрігер қауы¬мының халыққа қалтқысыз еңбек  етемін, жұмысыма адал болам¬ын деп ант етуі сонау ықылым заманнан бүгінгі күнге дейін сақтал¬ған. Осы орайда бүкіл саналы ғұмырын адам емдеу ісіне арнап, сол мамандықтың қыр-сырын жетік меңгерген білікті маман, мерейл¬і мейірбике жайлы сөз өрбітпекпіз. Хош. Денсаулықтан қадірлі не бар дейсіз?!

Жан тәтті, бас  ауырып, балтыр сыздаса, ақ халатты абзал жан¬дарға  жүгінеміз. Бір Алладан, одан  кейін дәрігерлерден үміт  күтеміз. Осындайда дертіңе ем іздеп емханаға бар¬ғанда  алдыңнан жылы шыраймен қарсы алып, бәйек болатын¬  мейірбикелерге риза боласың. Дертіне шипа ізде¬ген¬  жанның¬  жағдайына алаңдап, бабын  жасайтын  ақ халаттылар, расында, қандай  құр¬метке де лайық.  Осы орайда  медицина сала¬сында  40 жылға жуық уақыт еңбек етіп келе жатқан облыс¬тық  тері-венер¬ология диспансерінің аға зертханашысы, білікті мейірбике Фануза Борис-қызымен  төл  мереке қарсаңында  арнайы  жолығып,  аз-кем тілдескен едік. Майталман маман¬мен сұхбат басталғаннан-ақ оның сөз¬ден гөрі істің адамы екенін аңғардық. Сөзі нақты. Өзі тия¬нақты.¬

Фануза Борисовнаның емін қабылдаған жандардың барлығы оны өте тәжірибелі, өз ісіне берілген еңбекқор маман деп айтып, ризашы¬лықтарын білдіреді. Тіпті көпшілік оны «алғыс арқалаған мейірбике» деп құрметтейді. Өйткені  ол талай  сырқаттың  сауық¬қанша  жанынан  табылып, қолынан келген көмегін аямаған жан. Жарты ғұмырын өзі сүйіп таңдаған мамандыққа арнаған Фануза Хуснутдинованың өмір, еңбек жолын¬ саралар болсақ, ол 1960 жылдың  9  ақпанында Башқұртстан мемлекетінің  Благоворск  ауданына қарасты Қарғалы қыстағында  дүние келген. 6 жасында ата-анасының жұмыс бабымен Қазақ¬станға, Қызылорда өңіріне көшіп келеді. Төрт баланың үлкені, өзінен кейін 2 сіңлісі мен інісі бар. 15 жа¬сында Қызылордадағы медициналық училищеге оқуға түсіп, 3 жылда¬ мейірбике мамандығын меңгеріп шығады. Алғашқы еңбек жолын қалалық аурухананың операциялық бөлімінде мейірбике болып бастаған ол, 1982 жылы облыстық тері-венерологиялық диспансеріне аға зертханашы болып ауысып, бүгінде осы ұжымда абыройлы қызмет атқарып келеді. Фануза Борис¬қызы отбасында да аяулы ана, бақытты әже атанған жан. Бүгінде  екі қызынан  төрт  немере¬сі бар. Үлкен қызы Татьяна Сыр өңіріндегі білім мен ғылымның қарашаңырағы Қорқыт ата атындағы  Қызылорда мемлекеттік уни¬вер¬ситетінде оқып, физика-математика пәнінің мұғалімі мамандығын меңгерген. Спортқа да қаражаяу емес, жеңіл атлетикамен тұрақты айналысады. Түрлі жарыстардың жеңімпазы да атанған.

– Отбасымда менен басқа дәрі¬гер мамандығын таңдаған ешкім жоқ. Әкем бала күнімізде жиі ауыратын. Сырқаттанған кезінде үйдің үлкені болғандықтан мені жанына шақырып, «сенің дәрігер болғаныңды қалаймын, кейін бойжеткен соң дәрігерлік мамандыққа оқуға түсуің керек» деп айтып отыратын. Бала күнгі әкемнің айтқан сөздері маған үлкен қанат бітіретін. Мықты дәрігер, білікті  маман  боламын  деге¬н арманмен 9 сыныпты бітіре сала, қаладағы  қазіргі  медициналық колледжге мейірбикелік ісі бөліміне  құжаттарымды тапсырдым. Бүгінде осы салада еңбек еткен¬іме қырық жылға таяды, - дейді  Фануза апай.

Фануза Хуснутдинова еңбек жолында небір електен, тексерістен өтіп, мамандардың да, халықтың да сенім үдесінен шыққан жан. Оның емдеу ісіндегі еңбегі де елеусіз қалған¬ жоқ. Ол атқарған қызметі мен жемісті еңбегі үшін 1999 жылы денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің кәсіподағының құрмет грамотасымен марапатталған. 2005 жылы облыстық денсаулық сақтау басқармасының алғыс хатына ие болған. «Ең бастысы, халықтың алғы¬сына ие болсақ, соның өзі біз үшін үлкен марапат» дейді ол. Иә, қандай атаққа ие болса да, халықтың берген батасына, алғысына жетпейтіні рас. Ол кісі халықтың ризалығына бөленіп үлгерген, ал ұжымы тәжірибелі маманды қандай құрметке де лайық деп таниды. Демек,¬ бұл мейірбикенің мерейінің үстем екендігінің нақты дәлелі.

Құралай  ЖАҚСЫЛЫҚ

http://www.halyk-gazeti.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=7382:2017-05-12-04-40-06&catid=5:2011-11-18-09-02-24&Itemid=5

Просмотров: 948 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]