Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



15:42
МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖАЙЫ

«Қызылорда» қонақ үйінің мәжіліс залында «Кәсіпкерлерге арналған сақтандыру түрлері» тақырыбында семинар өтті. Қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі мен «ПРЭКО Қызылорда консалтингтік компаниясы» ЖШС бірлесе ұйымдастырған жиынға қала әкімінің орынбасары Нұрлан Мақсұтов қатысты. Жеке кәсіп иелері, сондай-ақ, мемлекеттік орган мен өзге де кәсіпкерлікті қолдау мекемелерінің өкілдері бас қосқан шарада аталмыш тараптарға арналған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС), оның түрлері мен ережелері таныстырылды. Семинар барысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес АҚ облыс бойынша филиалы директоры Бақыт Исмаханбетов қатысушыларға аталмыш жүйе туралы кеңінен ақпарат беріп, оның тиімділігін сөз етті. Сондай-ақ, саланың өзге де мамандары қызметкерлер мен жұмыс берушілердің төлейтін жарналары, сақтандыруға алынатын міндетті төлемдердің мөлшерлері, заң аясында бухгалтерлік есептілік жүргізу тәртіптері туралы хабардар етті. – Негізгі мақсатымызхалықтың денсаулығын қорғау бағытында нәтижелі жұмыс атқарып, қоғамдық ынтымақтастыққа қол жеткізу. Сондықтан жаңа жүйе аясында тиянақтылықпен жұмыс жасау оның тиімділігін арттыра түсері сөзсіз. Ал, мемлекет статистика саласындағы өкілетті орган бекіткен орташа жалақы есебінен биылдан бастап 4, келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап 5 пайыз төлейтін болады. Ол 2024 жылы 7 пайызға ұлғаяды деп жоспарлануда, – деді «Мемлекеттік сақтандыру қоры» АҚ облыс филиалының директоры Гүлсім Денеева өз баяндамасында. Филиал директорының айтуынша, мемлекет белгілі бір жеңілдігі бар азаматтарға жарна төлеуден босату мүмкіндігін де назардан тыс қалдырмаған. Бұл туралы заңға сәйкес барлығы 15 санатты тұлғалар аталмыш міндеттен босатылған. Олардың қатарында балалар, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, мүгедектер, көп балалы аналар, жұмыссыз ретінде тіркелгендер, зейнеткерлер, әскери қызметшілер, уақытша ұстау изоляторларындағы адамдар мен өзге де санаттағы азаматтар бар. Сондай-ақ, мамандар іс-сапар шығындарына төлем, жәрдемақылар, мемлекеттен берілетін өтемақы, шәкіртақы мен сақтандыру сыйақылары сынды табыс көздерінен сақтандыру жарналары ұсталынбайтындығын назарға салды. Семинар соңында жеке кәсіпкерлер тақырып аясында сауал тастап, тараптар арасында еркін сұрақ-жауап өрбіді.

Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.

http://aqmeshit-aptalygy.kz/meditsinaly-sa-tandyru-zhajy/

Просмотров: 796 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]