Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



08:59
МАМАНДАР МӘҢГІЛІК ЖАСТЫҚТЫҢ КІЛТІ АДАМНЫҢ ӨЗ ІШІНДЕ ДЕГЕНГЕ СЕНІМДІ

 

Гейделбергтегі обырды (ракты) зерттеу неміс орталығы қартаю үдерісін баяулатудың жаңа тәсілін көрсетті. "Ридус" хабарлағандай, сарапшылар адамдарда да және жануарларда да өмір ұзақтығын бақылауда маңызды рөл атқаратын TXNIP ақуызын (белогын) өшіруді ұсынады.


TXNIP оттегінің белсенді формаларының (ОБФ) тепе-теңдігін (балансын) бұзады. Ал олардың жоғары көлемінде организмнің қартаюы басталады. Оған қоса ОБФ иммундық жүйенің жұмысы тұрғысынан да маңызды. Зерттеулер TXNIP-тің артық ОБФ-ны жеңе алатын TRX-1 ферментін бөгейтінін көрсетті.

 

55 жастан асқан адамдар мен 20-25 жастағы еріктілердің жағдайының салыстырмалы талдауы жүргізілді. Сарапшыларды Т-лимфоциттер қызықтырды. Аталған иммундық торшалар егде адамдардың организмінде TXNIP ақуызын көп бөлетін болып шықты. Дегенмен, шындығына келгенде ғалымдар TXNIP-ті өшірудің қаншалықты қауіпсіз екенін әзірше білмейді.   
 

Дереккөз: www.meddaily.ru

 

«Сыр медицинасы» газеті

Просмотров: 521 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]