Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



17:25
Ляззат Ақтаева ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды

«Қазақстан» ұлттық телеарнасы Сс, 02/28/2017

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 ақпандағы №97 қау­лы­сымен Ақтаева Лязат Мейрашқызы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

  • 1988 жылы ол Алматы мемлекеттік медициналық институтын, 2003 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдады.
  • Өз еңбек жолын Лязат Мейрашқызы 1988 жылы Астана қаласындағы №3 және 15 перзентханаларының акушер-гинекологы болып бастады.
  • 1993-1997 ж. С.Д. Асфендияров атындағы АММУ акушерлік пен гинекологиялық кафедрасының ассистенті болып жұмыс істеді.
  • 1997-2003 жылдары Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының бас акушер-гинекологы, 2003-2009 жж. – Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасы директорының орынбасары қызметтерін атқарды.
  • 2009-2015 жж. Ұлттық медициналық холдинг басқарма басшысының кеңесшісі, Республикалық диагностикалық орталықтың медицина мәселелері бойынша директоры, Астана қаласы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының басқарушы директоры, бас директордың орынбасары ретінде еңбек етті.
  • 2013 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы денсаулық сақтау саласы қызметтерін дамыту орталығының жетекшісі болып тағайындалып, 2014 – 2015 жж. Астана қаласындағы «Денсаулық қаласы» диагностикалық емханасының медициналық директоры, директор қызметтерін атқарды.
  • 2015 жылы Алматы менеджмент университетінің «Денсаулық сақтау саласындағы менеджмент» бағдарламасының жетекшісі болды.
  • 2015-2016 жж. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық қызметтерді стандарттау департаментінің директоры болып қызмет етті.
  • ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалғанға дейін ол ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығының директоры болды.
  • Лязат Ақтаева – медициналық ғылымдар докторы.

Дереккөз: https://kaztrk.kz/kz/a/19418

Просмотров: 1113 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]