Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



15:04
ҚҰЛАҚТЫ МАҚТАЛЫ ТАЯҚШАЛАРМЕН ТАЗАЛАУ ҚАУІПТІ – МАМАНДАР

 АҚШ-та күн сайын құлақты мақталы таяқшалармен тазалағанда орта есеппен 34 жарақат алу оқиғасы тіркеледі екен. Бұл туралы шетелдік БАҚ-тар жазуда, деп хабарлайды Baq.kz.

Дәрігер Крис Джатанның айтуынша, косметикалық таяқшалардан зиян шегуге қатысты 12,5 мың оқиға тіркелген. Яғни, адамдар гигиена құралын дұрыс пайдаланбай, құлақ жарғағына зиян келтіретін көрінеді.

Зерттеу жүргізу үшін Джатан мен оның әріптестері Ұлттық электронды базаның 1990 жылдан 2010 жылға дейінгі жарақат алу деректерін зерттеген. Нәтижесінде, соңғы 20 жылда кәмелетке толмағандардың 236 мыңы құлақ жарақатына қатысты дәрігерлердің көмегіне жүгінген.

Сол себепті дәрігер құлақты мақталы таяқшалармен тазалағанда абай болуы керектігін ескертеді. Мамандар құлақты дәрігерлерге тазалатқан жөн дейді.

http://aqmeshit-aptalygy.kz/la-ty-ma-taly-taya-shalarmen-tazalau-auipti-mamandar/

Просмотров: 898 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]