Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



14:42
ХАЛЫҚТЫҢ НЕГЕ ТЕГІН УЗИ-ге ТҮСКІСІ КЕЛМЕЙДІ?

ХХІ ғасыр технологияның дамыған заманы деп атап жатамыз. Кейде адам ойламаған нəрсені көріп, еріксіз жағаңды ұстап қаламыз. Аталмыш технологиялық жетістіктердің бірі УЗИ аппараты. Бұрындары жеңгелеріміз құрсағындағы баласы не ұл не қыз екенін болжап, ағаларымызбен ренжісіп жататын болса, бүгінгі күні УЗИ аппараты алдын ала бəрін айтып беретін болды. Бұдан бөлек түрлі ісік аурудың алдын алудағы таптырмас құралға айналды.

Ауданымызда аталмыш аппарат бірнеше жерде бар. Бірақ, халықтың басым көпшілігі тегін тексерілуді емес, ақылы тексерілуді жөн санайтын секілді. Ақылы тексеретін УЗИ-дің алдында кезек күтіп отырған адамдарды көрсең «Басқа жерде жоқ па?» деп ойлап қаласың. Кеше арнайы барып, кезек күтіп отырған жандармен тілдесіп, пікірлескен едік. Бірінші ауданымыздағы «Карина» дүкенінің қасында орналасқан УЗИ-ге бардық. Кіргеніміз сол бір келіншектің «ағай тіркеліңіз» деген дауысы естілді. Қисық жыртылған картон қағазына тізілген адамдардың есімі жазылған. Жазатын орын қалмаған. Күту залында айнала үстел қойылыпты. Бірақ, отыратын жер жоқ. Отызға жуық адам бар. Күн ыстықта жүкті əйелдер мен жасы егде келген кісілер əрең шыдап отыр. Жаңағы келіншектің тіркеліңіз деуінің себебін түсінгендей болдым. Өзімізде тексерілетін кейіп танытып, бір бұрышқа барып жайғасып қасымдағы жүкті келіншектермен тілдесе кеттім. – УЗИ-ге түсу қанша болып жатыр?

– Əр жерде əртүрлі ғой, аға. Бір жерде 1200, басқа жерде одан жоғары.

Аудандық емханада УЗИ-ге тегін түсіреді дегенді естіген едім, соған барсам ба екен?

Ой, аға, қайтесіз. Ақшаңызды төлеңіз де түсіңіз. Ол жақтағыдан бұл жер жақсы қарайды. Нəтижесін де бірден айтып береді.

Ал, бұдан басқа түсетін жер бар ма?

Иə, кешкі мектеп жақта «Ультрамед» деген бар. Бірақ, өзіме осы жер ұнаған соң келдім. – Жарайды, рақмет, мен сол жаққа барып көрейін, бұл жерде əзір түсе алмайтын сияқтымын, – деп сыртқа шығып кеттім.

Келесі кезекте кешкі мектеп жақта орналасқан УЗИ-ге бардық. Бұл жақтағы кезек бірінші барған жерден шамалы ғана аздау. Бір жақсысы кішкене бүлдіршіндерді кезексіз кіргізіп жатты. Кезек күтіп отырған келіншектер жасы үлкен, науқас апаларды кезек күттірмей тексерілуге кіргізді. Бұны көрген мен ішімнен алғысымды білдіріп отырдым. Ауданымызда тұратын 80 мың астам адамның бəрінің бірдей көңілінен шыға беру оңай шаруа емес екені белгілі. Дегенмен, неге екені белгісіз, барған жеріміздегілердің барлығы дерлік ақылы УЗИ-ге түскенді жөн санап жатты. Орталық емханада орналасқан УЗИ-ге ешқайсысының көңілі толмағаны анық көрініп тұрды. Бұл жамандағанымыз емес, халықтың пікірі. Алдағы уақытта ауданымыздың бас дəрігері көпшілік пікірімен са- насып, орталық емханадағы УЗИ- ді ел-жұрт көңілінен шығатындай жұмыс істеуге түрткі болады деген сенімдеміз.

 

Ерұлан ДАТКЕНОВ

 «Өскен өңір». 17 маусым 2017 жыл.

Просмотров: 996 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]