Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



18:50
ХАЛЫҚ МЕДИЦИНАСЫ

Адамзаттың өткен ғасырлардағы өміріне зер салсақ халықтың ішіндегі киелі тылсым күш иелерінің құпиялы сырларына тосқауыл болғанымен, оның жойылуына әсер ете алмады. Тектік қасиет халықпен бірге жасасып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тапты. Осындай сәтте дәстүрмен біте қайнасқан халық медицинасы туралы ауыз ашпау жөн болма еді.
Әдетте қазақ елді қолда бар түліктен алынған дүниеден жасаған. Міне, сондай халықтың асыл қазынасына айналған ем-домдық дәстүрдің,оның ішінде қойдан алынған нәрселерден жасалатын шипагерлік туралы аз-кем тоқталуды жөн санадық.
Терiге түсiру– қой терiсiмен жел, құз, құяң ауруына шалдыққандарды емдеген. Ол үшiн семiз қойды бiтеу сояды да, оған ермендi бүрiмен қоса қайнатып, суын терiнiң iшiне құяды. Науқас адамды шешiндiрiп, 2-3 сағаттай сол терiге орап қояды. Бұл әдiс «терiге түсiру» деп аталады. Терiге түскен адам жылы оранып жатып, 2-3 күндей сорпа iшiп күтiнуi керек.
Қой құйрығы– жөтелдi басып, қақырықты түсiредi. Тұмаудан кейiнгi созылмалы жөтелге құйрық майды ыстық сүтке ерiтiп iшедi. Суық тиген баланы да құйрық маймен сыласа, жазылып кетедi.
Қойдың жыны– буын, тiзе сырқырағанда, қолданады.
Жаңа сойылған қойдың қарнын жынымен қоса алып, оны ыдыстағы ыстық суға салады. Содан кейiн қарынның үстiңгi жағын тiлiп, науқастың екi аяғын жынға батырып, жылылап орайды. Ыдыстағы су салқындай бастаса, үстiне ыстық су құю керек. Булаудан шыққаннан кейiн жылы киiнген дұрыс.
Қойдың өкпесi– жөтелдi тоқтатып, несеп жолдарының жұмысын реттейдi, iсiктi қайтарады. Егер жас қойдың өкпесiн тiлгiлеп, сiрке суы қосылған суға қайнатып, күнде екi-үш тiлiмнен жесе, қақырықты түсiрiп, өкпе демiкпесiн басады. Қойдың тоқ iшегiн сәбидiң көкбауыры ауырғанда шажырқай майын сыдырмай, дөңгеленген күйiнде кiндiктiң үстiне қойып, сыртынан орап қояды. Егер iшектiң жылуы бәсеңдесе, торсыққа жылы су құйып, iшектiң үстiне қояды. Бұл емдi бала терлегенше бiрнеше рет қайталайды.

http://aqmeshit-zhastary.kz/daua/haly-meditsinasy/

Просмотров: 1045 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]