Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



10:43
Халықаралық ЖИТС ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күні

 

    17 мамыр күні сағат 11:00-де Қызылорда медициналық колледжінің мәжіліс залында Халықаралық ЖИТС ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күніне орай жастар акциясы өткізілді.

Акцияны ұйымдастырушылар: ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығы және Қызылорда медициналық колледжі. Сондай ақ акцияға Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы, Облыстық жастарды қолдау орталығы, Салауатты өмiр салтын қалыптастыру, Үкіметтік емес ұйым өкілдері және белсенді жастар ұйымдарының мүшелері қатысады.
Әр жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісінде, Халықаралық ЖИТС ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күні өткізіледі. Бұл күн алғаш рет 1983 жылы Сан-Франциско қаласында аталып өтілген болса, қазіргі таңда   әлемнің 115 елінде,   1200 жуық  қоғамдық ұйымдардың атсалысуымен өткізілетін кең көлемді шаралардың бірі болып табылады.     Биылғы жылы Халықаралық  ЖИТС ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күні 34-ші рет өткізілмекші.
     Бұл күнді атап өтудің негізгі  мақсаты: АИТВ-мен өмір сүруші адамдарға моральдік, рухани және психологиялық  қолдау көрсету, АИТВ/ЖИТС проблемасының бар екенін  қоғамның  барлық құрылымдарының есіне салу,  біздің  әрқайсымыз АИТВ жұқтырған адамдар үшін не істей алатанымызды ойлану. Сонымен қатар АИТВ жұқтырғандардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету, азаматтық қоғамдағы және үкімет басындағылардың назарын АИТВ/ЖИТС эпидемиясына баса назар аударуына, індеттің алдын алу, сақтану шараларын, жұғу жолдарын кеңінен насихаттауға бағытталған. 
Қатерлі дертті жер бетінде 60 миллионнан астам адам жұқтырса, оның 25 миллионы көз жұмған. Осы құрбан болғандарды еске алу күні 1983 жылы  алғаш рет Сан-Францискода өткізілген. Содан бері жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісінде аталып келеді. Оған көптеген қоғамдық ұйымдар қатыстырылып, ЖИТС-ке қарсы барлық іс-шаралар ұйымдастырылады. 
Осы күні дүниежүзінде АИТВ/ЖИТС-тен қайтыс болғандардың ата-аналары, туыстары мен достары олардың ешқашан ұмытылмайтынын, мәңгіге кетпейтіндігінің белгісі ретінде есімдерін шыт матаға жазып ескерткіш жасайды. Бұны квилт деп атайды. Бірінші рет американдық Клив Джонс өзінің досы Марк Фельдманға арнап квилт тікті. Осы арқылы ол індетке кімде болса душар болатынын түсіндіргісі келді. Қатерлі дерт арамыздан есімі елге танымал атақты кино жұлдыздарын, әншілерді, ақындар мен жазушыларды алып кетті. Олардың ішінде француз – Эрве Гибер, АҚШ-тың кино әртісі – Рок Хадсон, франция бишісі – Рудольф Нуреев, АҚШ-тың фантаст жазушысы – Айзек Амиров.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы бойынша 28103 адам АИТВ инфекциясымен тіркеліп отыр.
Біздің облысымызда алғаш рет АИТВ індетін жұқтыру оқиғасы тіркелгеннен бері барлығы 109 адам жұқтырса, 5-еуі АИТВ-дан қайтыс болды. Жұқтырғандардың 64-і (58,75) жыныстық қатынас арқылы, 33-і (30,2%) иньекциялық есірткі тұтынушылар арасында анықталып отыр. Олардың 69-ы (63%) ерлер, 40-ы (40%) әйелдер. Үстіміздегі жылы 6 адамнан АИТВ инфекциясы анықталды. Олардың 4-і ер кісі, 2-і  әйел, жұқтырғандардың алтауы да жыныстық қатынас арқылы жұқтырғандар.  
«Бұл акция азаматтық қоғамдағы және үкімет басындағыларды АИТВ/ЖИТС эпидемиясына баса назар аударуына бағытталған. Қазіргі кезде қоғамымыздың өзекті мәселесі, сол үшін де бәріне қатысты, оны елемеуі мүмкін емес. Сондықтан да АИТВ ауруына шалдыққан адамдардың қасында өмір сүріп жүрген біздер өте шыдамды болуымыз керек, мұндай ауруға шалдыққан адамдарға жазылып кетуіне көмек көрсетумен бірге рухани демеушілік жасауымыз керек. Облыстық ЖИТС орталығының мамандары мен дәрігерлерінің де алға қойған мақсаттары осы болып отыр.  

Международный день памяти умерших от СПИДа

17 мая в Кызылординском медицинском колледже проводилась акция, посвященная Международному ДНЮ памяти умерших СПИДа. В этот день по всему миру проходят маштабные акции, напоминающие еще об одной глобальной угрозе человечеству. 
Ежегодно каждое третье воскресенье мая во всем мире проводится День памяти умерших от СПИД. В 2017 году День памяти пройдет 17 мая.  Впервые он был организован в 1983 году в Сан - Франциско (США) группой людей, лично затронутых или глубоко озабоченных проблемой СПИД. Теперь это стало традицией. В этот день миллионы людей во всех странах мира организуют различные мероприятия для того, чтобы почтить память умерших от СПИДа и дать возможность живым задуматься о том, что эпидемия ВИЧ/СПИД может коснуться каждого из нас. Вспомнить тех, кого унесла эпидемия, поддержать людей, живущих с ВИЧ/СПИД, их друзей и близких, обратить внимание общества и правительства на проблему – таковы основные задачи Дня памяти.
    Сегодня во всем мире официально зарегистрировано около 60 млн. ВИЧ-инфицированных. В Казахстане на 01.05.2017г. зарегистрировано более 28103, в области 109  ВИЧ-инфицированных человек.    
     В День памяти проводятся шествия со свечами, теле и радиопрограммы, благотворительные концерты, просветительские акции, художественные выставки и другие мероприятия, посвященные проблеме ВИЧ/СПИД. В этот день люди прикалывают к одежде красную ленточку - знак скорби и памяти о миллионах ушедших, знак солидарности с теми, кто имеет ВИЧ - позитивный статус, знак понимания, что СПИД не имеет границ, национальности, пола и возраста. А главное символ надежды на то, что человечество непременно победит эту болезнь. 
В Кызылординской области на сегодняшный день нарастающим итогам зарегистрировано 109 ВИЧ инфицированных. За 4 месяцев 2017 года было выявлено 6 человек с этой инфекции. Из них 4 (67%) мужчин, 2 (33%) женщины. Все шестеро заразились половым путем. 
    Цель проведения Дня памяти заключается в привлечении внимания мировой общественности к проблемам людей, умерших от СПИД. Как можно большее количество людей информировать о средствах защиты от СПИД и способах его передачи. Напомнить людям, что заболеть СПИД могут те, кто находится в зоне риска: люди, ведущие неразборчивую половую жизнь и принимающие наркотики, так как ВИЧ передается половым путем и через кровь.           
Сурет ГБУЗ Волгоградский областной центр медицинской профилактики сайтынан алынды                               

Просмотров: 1409 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]