Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



17:04
КЕНЕДЕН САҚ БОЛЫҢЫЗ

Кенеден сақ болған жөн. Егер кене белгілері байқалса, дәрігерге қаралған дұрыс. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген бар. Адамды кене шаққаннан соң аурудың жасырын кезеңi орташа 7-14 күнге, жалпы 1 тәулiктен 30 күнге дейiн созылады. Осы уақыттан кейін аурудың алғашқы белгiлерi бiлiне бастайды. Ауырған адамның кенеттен басы қатты ауырып, дене қызуы 38 градустан 40 градусқа дейiн көтерiледi, сонымен қатар жүрегi айнып, құсуы мүмкiн. Мойын, арқа, қол еттерi ауырып, шу мен жарыққа сезгiштiгi жоғарлайды. Егер осындай әлсіздікті байқаған тұста, дәрігер кеңесіне жүгінуге кеңес беремін.

Кененi денеге жолатпау үшiн қарапайым кенеден сақтану шараларын орындаған жөн. Мысалы орман, тоғайлы жерлерге барар болсаңыз арнаулы киiм кию керек. Демек жеңі ұзын, түсі ашық киім кенелерді дереу байқауға көмектеседі. Репелленттердi көйлектiң жағасына, жеңiне жағу керек. Оларды дәрiханалардан немесе шаруашылық дүкендерден сатып алуға болады. Кене қадалған кезде оны жылдам алу үшiн өсiмдiк майын тамызып, 15-20 минут өткеннен соң, жiптен жасалған iлмектiң көмегiмен ары-берi қозғалтып, ептеп алып тастаған жөн. Өсiмдiк майы кененiң тыныс алу жолдарын бiтеп, оның жылдам алынуына көмектеседi. Кененiң орнын йод ерiтiндiсiмен, арақпен немесе спиртпен залалсыздандыру керек. Кененi алғаннан соң қолды сабындап, жуып тастау керек. Кене шаққаннан кейiн 3-күн аралығында жергілікті участкелік дәрiгерге көрiну керек.
Егер сізде жоғарыда аталған белгілер байқалса, міндетті түрде аймақтық дәрігерге барыңыз. Себебі кене шаққан да емделмесе адамның орталық жүйке жүйесін, миымен жұлынын зақымдайтын сал ауруына шалдықтырады. Сондықтан аурудың алдын алған жөн!

Айна МҰХАМБЕТОВА,
облыстық жұқпалы аурулар
ауруханасының бас дәрігері

http://aqmeshit-zhastary.kz/daua/keneden-sa-boly-yz/

Просмотров: 687 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]