Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



19:42
КҮЙЗЕЛІСТЕН ҚАЛАЙ АРЫЛУҒА БОЛАДЫ?

Халқы аз ауыл болмаса, бәріміз күн сайын у-шудың ортасында жүрміз. Теледидардың, әуеннің, көшедегі көліктердің дауысытынымсыз естіліп тұрады. Оған етіміз үйреніп кеткен. Ара-тұра өзімізді сап тыныштықта ұстап, жанымызды күтпеске болмайды. Оған себеп те көп. Тыныштық күйзеліс пен шаршағанды басады, деп жазады massaget.kz.
Жұмыстан бір сәт қол босағанда, телефонды өшіріп, бәріне қол көтеріп, ауылға тартып отырғанға не жетсін! Өзімізге білінбегенімен, әртүрлі шу мидағы күйзеліс гормондарын көбейтеді. Ал тыныштық керісінше әсер етеді. Дыбыстық тітіркендіргіштер жоқ болса, ағза мен миға түсетін күш бәсеңдейді. Қан қысымы мен мидағы қан айналымның өзгерісін зерттеп, ғалымдар мынадай қорытындыға келді: адам музыка тыңдағанға қарағанда, екі минут тыныштықта отырса, жаны жай табады. Тыныштықшығармашылыққа жақындатады. Біз демалып жатсақ та, миымыз белсенділігін тоқтатпайды. Байсалды қалыпты отырғанда ми ақпараттарды жақсы игеріп, өңдеуге қабілетті. Егер шуға алаңдамай, ақпараттарды меңгере алсақ, эмоциялар мен естеліктер бірігіп, қиялымыз оянады, бұрын байқалмаған қасиетіміз ашылады. Нәтижесінде тыныштық кезінде шығармашылық қабілетіміз артып, әлемге кең құшақ жаямыз. Тыныштық ми ресурстарының орнын толтырады. Жұмыста, сабақта тапсырманы дұрыс орындағандаға шу кедергі келтіреді. Жігеріміз кеміп, ықыласымыз азайып, қателік жіберуімізге де осы себеп болады. Тыныш аймақта оқитын балаларға қарағанда көлік, пойыз жолдарына жақын оқитын балалар тіл үйренуден, оқудан төмен баға алатыны дәлелденген. Бір жақсысы, тыныш жерге барғанда ми ақпараттарды қайта қалпына келтіре алады, яғни адам өзін жинақылыққа сала алады. Тыныштық ми талшықтарын қалпына келтіре алады.
Зерттеуге сәйкес, күніне екі сағаттық тыныштық кез келген деңгейдегі шу әсерін жойып, жаңа талшықтар түзілуіне сеп болады. Бұл мидың есте сақтау, эмоция, ақпарат қабылдау қасиетіне жауап беретін басты бөлігіне қатысты айтылған. Миыңыз тыныш болсын!
Жаныңыз тыныш болсын!

http://aqmeshit-aptalygy.kz/k-jzelisten-alaj-arylu-a-bolady/

Просмотров: 890 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]