Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



11:41
Көңіл айтамыз!

2021 жылдың 28 маусымында ЖШС «Medium» клиникасының қызметкері,  Денсаулық сақтау ісінің үздігі, жоғары санатты мейірбике, әріптесіміз  Ауезова Эльмира Усенбекқызы бұл дүниеден озды.

Эльмира Үсенбекқызы 30 жылдан астам мағыналы ғұмырын денсаулық сақтау саласына арнаған ақ халатты абзал жанымыз.  2012-2019 жылдар аралығында Облыстық медицина орталығында бас мейірбике қызметін атқарып, 2019 жылдың қазан айынан ЖШС «Medium» клиникасында  осы күнге дейін  бас мейірбике қызметінде болды. Сонымен қатар, Қызылорда облысы бойынша мейіргер ісі мамандары Ассоциациясының президенті қызметін қосымша атқарып келді. Орталығымызда барлығымызға сырлас, ақылшы, қолдаушы болып жүрген жарқын жүзді, кең пейілді,  иманды әріптесіміздің отбасына, балаларына және туыс-бауырларына орны толмас қайғысына ортақтасып, қайғырып көңіл айтамыз. 

Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын, жаны пейіште болсын!

Эльмира Үсенбекқызының жарқын бейнесі мәңгі жүрегімізде қалады!

ЖШС «Medium» клиникасының ұжымы

Просмотров: 490 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]