Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



17:24
Юрий Пя Қызылордада жүрекке ашық ота жасады

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат

«Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы» АҚ директоры, профессор, Қазақстанның Еңбек Ері Юрий Пя, «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма Төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», Қазақстанның Еңбек Ері Серік Ақшолақов Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен кездесті. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлады.

  • Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Ұлт Жоспары - бес институттық реформаны» жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадамның» аясында, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға байланысты туындаған сауалдарға кеңінен тоқталып өтті. Саланың соңғы жаңалықтарымен бөлісіп, медицинадағы әлемдік тәжірибелерді тілге тиек етті.
  • қатар, Юрий Пя 59 жастағы қызылордалық науқастың жүрегіне жаңашыл ота жасаса, Серік Ақшолақов 15 науқасқа кеңес берді.

Шара соңында, Еңбек Ерлері «Қызылорда облыстық медицина орталығының Құрметті мүшелігіне» қабылданды. «Құрметті мүшелікке» қабылданған алтын қолды дәрігерлер алдағы уақытта облыстық медицина орталығына тұрақты түрде әріптестік қолдау жасайтындықтарын мәлімдеді.

 

Автор: Елубай Әуезов


Сілтеме: http://www.inform.kz/kz/yuriy-pya-kyzylordada-zhurekke-ashyk-ota-zhasady_a3001613

Просмотров: 958 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]