Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



16:33
ІШІМДІК РАКТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫНА СЕБЕПШІ

Ғалымдар ішілетін алкогольдің мөлшерін азайту арқылы онкологиялық аурулардың пайда болу қаупін төмендетуге болатынын айтты. Мұнымен қатар, олар ішімдікті кез келген мөлшерде тұтыну денсаулық үшін аса қауіпті екенін дәлелдеді.

Ішімдік омырау және рактың өзге 6 түріне әкеліп соқтырады. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді.

«Алкогольді сусындардың барлық түрінде этанол бар. Бұл қоспа жасушаларды зақымдап, оларды бұзады», – делінген ұйым хабарламасында.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, алкоголь әйелдер гормонына әсер етіп, зақымданған жасушалардың санын арттырып, сүт безі рагына шалдықтырады. Мысалы, әйел адам күніне 4 стақан қызыл шарап ішсе, аталған ауруға шалдығу қаупі 50% жоғарылайды.

Baq.kz

Просмотров: 536 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]