Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



13:30
«Интернеттегі» дәрі АЛАЯҚТЫҒЫ

Кез-келген ауру адам дертке тап болғанда, оған ықпалды ем іздейді. Мұны алаяқтар өз пайдасына мықты пайдаланады. Соңғы кездері әлеуметтік желілерде «жарнама» деген айдармен қай ауру болса да аз ақша жұмсап «тез, жылдам және оңай» айықтыратын дәрілерді ұсынушы «қамқоршылар» көбейіп кетті. Олардың аңғал адамдарды өз «қармағына іліктіру» жолы аса қарапайым.

Танымал бір сайттың мейлі ол телеканал, телехабар немесе денсаулық сақтау министрлігі болсын, «әкесінің дүниесі» сияқты дәл сондай бір парағын оңай құрастырады. Ол сайттағы басқа айдарларды іздесеңіз, міндетті түре жарнамалап отырға дәріге алып келеді. Себебі сайт – бір ғана парақ. Хабарласу тетігі де оңай: аты-жөнің және байланыс телефоның. Тіпті ақшасын дәріні алғаннан кейін жібересіз деп «жомарттық» танытады.

Бір парақ сайтта «әмбебап» (бәрін емдейтін) дәріні жан-жақты дәріптей бастайды. Құрамы дәріханадан арзан бағада сатып алуға болатын дәрілік шөп. Ол шөптің әсерінің жарнамадағы дертке еш қатысы жоқ. Бірақ жарнама көз тартарлық.  Оған қоса бұл «дәріні» ішіп, немесе жақпа майды жағып, «лезде» сауығып кеткен адамдардың пікірлері қаптап тұр.

Медицинаға еш қатысы жоқ түсініксіз терминдер, дәрінің әсер ету механизмі, танымал «профессорлардың», «тәжірибесі мол дәрігерлердің» ұсыныстары. Ал бұл адамдар тек ойдан құрастырылған. Сенген адамның «Интернеттен» оларды шындап іздесе, табулары мүлдем мүмкін емес.

«Дәрілердің бағасы»  әрқашан қол жетімді. 5-6 мыңнан аспайды. Кейде  жеңілдік жасап 1-7 теңге деп қоя салады. Ал алатын кезде дәрі көп ақшаға түседі.

«Дәріханалар жасыратын, дәрігерлер айтпайтын» «керемет дәрілерді» сатып алғандардың өз өкініштерін білдіргенімен, «отқа үймелеген көбелектей» алданатындар саны азаймайды. Өйткені оларға терең ойлануға, зерделеуге уақыттары тапшы.

Сөз түйіні – бұл алаяқтыққа заңды тұрғыдан тосқауыл қойылмаса, тиылмасы анық.

Серікбай СМАҒҰЛҰЛЫ,

дәрігер

Просмотров: 521 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]