Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



16:29
Германияда тұмау өршіп тұр

Кәрі Құрлықта тұмау өршіп тұр. Әсіресе, Словакия, Венгрия және Грекия елдерінде ең көп науқас тіркелген. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының берген мәліметі. Дәл сондай жағдай Германияда да байқалады. Тіпті онда H3N2 вирусынан 200-ге жуық адам көз жұмған деген дерек бар. Ресми мәлімет бойынша қазір Германияда тұмаумен ауырған 40 мың адам тіркеуде тұр. Ал медицина мамандары шынайы статистиканың одан да жоғары екеніне сенімді. Өйткені дәрігерге бармай, өздігінен емделетіндер көп. Бірақ H3N2 вирусына немқұрайлы қарауға болмайды. Соның кесірінен бұнда 192 адам көз жұмған.

Сюзанне Гласмахер, Роберт Кох институты баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Тұмаудың асқынған түрі көбіне жасы егде адамдарда кездеседі. Әсіресе, желтоқсан айының ортасынан бері осындай науқастардың саны көбеймесе, азаяр емес. Сондықтан азаматтарды аса сақ болып, денсаулығына бей-жай қарамауға шақырамыз. Тұмау әсіресе, Германияның оңтүстігінде өршіп тұр. Дәрігерлер болса, қарапайым алдын алу шараларын сақтауды ескертетді. Оның ішінде арнайы екпе де бар.

Мария, Берлин қаласының тұрғыны:

- Тұмау мен салқын тигізуді шатастыруға болмайды. Біз көбіне суық тиген шығар деп шапқылап жүре береміз. Ал тұмау өте қауіпті ауру. Осы аптада Германияда атақты Кельн карнавалы Кельн карнавалы өтеді. Дәстүр бойынша оған әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған саяхатшы келеді. Ал медицина мамандары бұл шара елдегі тұмауды одан сайын асқындырып жібереді деп қорқып отыр.

Авторлары: Шолпан Найманбаева, Милослав Лавриновский

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/165017-germaniyada-t-mau-rship-t-r

 

Просмотров: 955 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]