Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



08:50
«Фаст-фуд» мәдениеті ауруға бастай ма?

Өткен ғасырдың 80-90-жылдары «жүгіріп жүріп қоректену» деп аталатын немесе «Фаст-фуд» мәдениеті бүкіл әлемге тараған. Бірақ, соңғы уақытта ғалымдар мен қоғамдық ұйымдар бұл тағамның зияны жайында дабыл қаға бастады. Мамандардың айтуынша, фаст-фуд тағамы балалар мен жасөспірімдерді өзіне еріксіз тәуелді етеді екен. Мәселен, бүгінде гамбургер, чипси мен пица жастардың денсаулықтарына үлкен зиянын тигізіп жатыр. Атап айтар болсақ, фаст-фуд тағамын тұтынушылардың барлығы дерлік артық салмақ, гастрит пен әлсіздік секілді ауру түрлеріне шалдыққан. Сондықтан, салауатты өмір сүруді құру мәселесінің ұлттық орталығының мамандары бұл мәселеге үлкен көңіл бөлуге шешім қабылдаған. Өйткені, қазіргі уақытта бигмак, шаурма, сэндвич, чесбургтер мен қуырылған картоптар және түрлі газдалған тәтті сусындардың саны өте көп. Алайда, олардың құрамында не бар екенін көпшілік біле бермейді. Бұл тез әзірленетін тағам болғандықтан, көбісі әзір-мәзір деп қойып, уақыт үнемдегендеріне мәз болып жей береді. Иісі мұрын жаратын, тез дайындалған тағаммен жүрек жалғап алуға үлкен кішінің бәрі құмар-ақ. Себебі, қазіргідей нарықтық заманда адамдардың көбісі жұмысбасты болып кеткені соншалық, тамақты үйде дайындап жеуге еш мүмкіндіктері болмай қалып жатады. Бұл дұрыс емес. Әсіресе, балаларды кішкентай кезінен бастап құрамында майлар мен консерванттары көп, еш дәрумені жоқ тағамдарға мүлдем жолатпаған жөн. Кейбіреулер фаст-фудтың денсаулыққа зиян екенін біле тұра, одан бас тартпайды. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл жағдай адамды психологиялық және химиялық тәуелділікке әкеп соқтырады. Өйткені, аталған өнімдерді жасаушылар оның дәмін күшейтетін арнайы қоспаларды қосады да, сол арқылы тұтынушыларды өзіне тартады екен. Тез тамақтанудың кесірінен ас қорыту жолдары қиындайды. Фаст-фудқа үйір жандардың асқазан, жүрек аурулары, қан қысымы, қант диабеті сындыаурулары күн өткен сайын үдей түседі. Әсіресе, өз денсаулығына көңіл бөлмейтін жастарға қиын. Олар диета сақтамай, тамақтанатын болса, денсаулығы күн өткен сайын әлсірей түседі. Түрлі елдердегі медициналық зерттеулердің нәтижесі фаст-фуд өнімдерін күнделікті қолдану семіздікке әкеледі дейді. Бір ғана орташа көлемдегі гамбургер немесе бір стакан кока- кола 1500 каллорияға тең. Ал, адамның бір күндік тағамы 1500 каллорияны құрау керек. Алайда, сіз гамбургермен шектеліп қоймайсыз ғой. Бұл өнімдер адамды толық тәбетін қанағаттандыра алмайды, ол тек аз ғана уақытқа асқазанды алдау десе болады. Жарты сағаттан соң адам тағы да тамақтанғысы келеді. Диетолог-дәрігерлер семіздікке апаратын «қауіпті» тағамдарды атап өтті. Бірінші орында-тәтті газды сусындар тұр. Шөл басу үшін емес, қайта шөлдетіп, қайта-қайта ішуге мәжбүрлейтін құтыдағы бұл сусындардың құрамында қант шектен тыс көп. Үлкен-кіші құмарланып ішетін бір стакан коланың өзінде 5 шай қасық қант бар, ал бір литр колада 25 шай қасық немесе 125 грамм қант болады екен. Сонымен қатар, сосискалар, пісірілген шұжықтар, паштеттер еттен жасалғандай көрінгенімен, негізінен, жартысына жуығы майдан жасалып, түрлі тәтті дәмдеуіштермен бүркемеленеді. Қуырылған семіз ет, кофе, шоколадтар, арзан әрі каллориясы көп нан-жарма, кондитер өнімдері де адамды семіздікке апарып тірейді. Қысқасы, мен баршаны иісі мұрын жаратын, тез дайындалған тағаммен мейлінше көп тамақтанбауға шақырамын.

Мадияр Меңдібаев,

Арал қаласы.

https://tolqyn.kz/kogam/662-fast-fud-mdeniet-aurua-bastay-ma.html

Просмотров: 614 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]