Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты
Главная » 2017 » Тамыз » 9 » ЕШҚАНДАЙ БІЛІМІ ЖОҚ ХИРУРГ 16 ОТАНЫ СӘТТІ ӨТКІЗГЕН
13:34
ЕШҚАНДАЙ БІЛІМІ ЖОҚ ХИРУРГ 16 ОТАНЫ СӘТТІ ӨТКІЗГЕН

Әлемде қызық көп. Тіпті түрлі жағдайлар орын алып жатса да адамдар арасынан таңдай қақтыратын тұлғалар шығады. Ең қызығы олар арнайы бір маман иелері емес, қарапайым жұмысшы болуы да мүмкін. Ал бұл жағдайларға көпшілік сене бермейді.

Фердинанд Уолдо Демара 1921 жылы АҚШ-тың Массачусетс штатында дүниеге келген. Оның әкесі кішігірім театр қожайыны болған. Өз кезінде әкесі баласына толыққанды білім бере алмаған.Тұрмыстық мәселеге байланысты. Бірақ Фердинанд жеңілген жоқ. Ол адамдарға көмектесу үшін маман иесі болмай-ақ, шынайы ниетпен жұмыс жасауға болатынын дәлелдеді.
Біздің басты кейіпкеріміз өзінің қандай жұмыс болса да жасай алатынын көрсете отырып, бірақ бәрібір маман екенін дәлелдейтін құжат керек екенін алға тартып, өз кезінде жалған құжат жасап, құрылыста инженер, сотта қорғаушы, мектепте мұғалім болған. Сенесіз бе, аталған мамандықтар бойынша оның ешқандай білімі жоқ.

Соғыс жылдары. Маман да адам да тапшы кез. Осы сәтті пайдаланып майданға қару ұстауға емес, қару ұстап оққа ұшқандардың өмірін сақтап қалу үшін Фердинанд жалған хирург құжатын жасатып, кемедегі басты ота жасаушы дәрігер болып жұмысқа орналасады. Осы қиын қыстау кезеңде бір күні он алты бірдей жауынгер ауыр жарақат алып, Фердинандтың қолына келеді. Ең керемет ол бүкіл сарбаздың өмірін сақтап қалған. Ол жайында газет пен журнал біткен жарыса жазды. Кейіннен оның ешқандай маман емес екенін білгеннен кейін жұрт тамсанып, оны мақтай бастады.

1982 жылы жүрек талмасынан қайтыс болған Фердинанд тек 46 жасына қараған шағында ғана өміріндегі шынайы әрі жалған емес құжатталған дипломын қолына алды. Ондағы мамандық иесі шіркеу қызметкері. Айта кету керек, ота жасау жұмыстарын сәтті аяқтаған соң Фердинандтың аты әйгілі болып, бүкіл әлем таныды. Бұл ғана емес, ол осы жұмысынан кейін түрмеге психолог ретінде барып жұмыс жасаған.

http://reactor.inform.kz

http://aqmeshit-aptalygy.kz/esh-andaj-bilimi-zho-hirurg-16-otany-s-tti-tkizgen/

Просмотров: 63 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]


Бұл сайт жөніндегі деректер сайт туралы ақпаратта орналасқан.