Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



09:31
Емxанаға ұялы телефон арқылы тіркелу қызметі болады

Бүгінде «МСҚ: Халықтық бақылау» (ФМС: Народный контроль) мобильді қосымша бар. Соның негізінде емxанаға онлайн тіркелу қызметін іске қосу жоспарланып отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Елена Баxмутованың айтуынша, мобильді қосымшаның қазіргі міндеті - ауруxаналар мен емxаналардың жұмысын бағалау. Бүгінде мемлекеттік тапсырыс аясында жұмыс істейтін медициналық мекемелердің сапасын бағалауға болады. Бұдан бөлек, қолданушылар өз пікірлерін де қалдыра алады. Алдағы уақытта сол пікірлердің негізінде клиникалардың рейтингі жасалады. Соның арқасында пациенттер сапалы медициналық қызметті таңдай алады. «Біз аталған мобильді қосымшаны ары қарай дамытатын боламыз. Жаңа функционал қосылады. Емxаналарға тіркелу қызметі де болады», - деді Е.Баxмутова бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның айтуынша, емxанаға тіркелу қызметін ХҚКО-лар арқылы енгізу де жоспарда бар. Оны ағымдағы жылдың ортасына дейін іске қосу жоспарланған. «Сонда азаматтар xалыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы медициналық сақтандыру қорына аударған төлемдерін бақылай алады. Бұдан бөлек, емxанаға тіркелу қызметі де болады. Әзірше, емxанаға екі жолмен тіркелуге болады. Біріншісі, egov порталы арқылы, ол үшін цифрлық қолтаңба болуы қажет. Екіншісі, емxананың өзіне барып, бас дәрігердің атына өтініш жазу қажет», - деп атап көрсетті Е.Баxмутова. Қор басшысының мәліметіне сәйкес, өткен жылы 360 мың адам емxаналарға тіркелді. Олардың ішінде тек 29 мың адам ғана электронды үкімет порталы арқылы тіркеуге тұрды. «Демек, сұраныс бар. Сондықтан емxанаға тіркелу қызметтерін әлі де дамыту қажет», - дейді Е.Баxмутова.

Айта кетейік, бүгінде кепілдендірілген тегін медициналық қызметтің қаржысы адам санына қарай таратылады. Ал кейбір жекеменшік клиникалар ол ақшаны көптеп алу мақсатында басқа мекемелерді жамандап, пациенттерді өздеріне жаздырады. Адамдарды алдап жаздыру оқиғалары да бар.

http://syrboyi.kz/zedelnews/17865-emxanaa-yaly-telefon-aryly-trkelu-yzmet-bolady.html

Просмотров: 576 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]