Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



12:07
ЕМХАНА ЖҰМЫСЫ ОҢТАЙЛАНДЫРЫЛДЫ

Пресс-тур

Сейсенбі күні облыстық ішкі саясат және облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен №3 қалалық емханада пресс-тур өтті. Басты мақсат – емхана жұмысымен танысу, халыққа кез келген емханаға тіркелуге болатынын жеткізу. Қазақстандық медицина саласында жаңалық көп. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қолданысқа енгізілетіні белгілі. Бұл реформаға сәйкес емханалар мен ауруханалар арасындағы бәсекелестік артып, дәрігерлердің жауапкершілігі жоғарылай түспек. Осыған байланысты емхана ұжымы БАҚ қызметкерлерін отандық медицина саласындағы соңғы инновациялық жаңалықтардан хабардар етіп, емхананың заманауи құрал-жабдықтарын көрсетті.№3 қалалық емхана Елбасы Н.Назарбаевтың «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша салынып, 2012 жылы пайдалануға берілді. Аталмыш емхана 59761 халыққа қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, заманауи үлгідегі медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Емханаға келген адам тіркелмеген болса, қабылдау бөліміні арқылы тіркеле алады. Ол үшін жеке куәлігіңіз болса жеткілікті. Емханада 6 терапиялық, 5 педиатриялық, басқа 23 жалпы тәжірибелі дәрілік аймағы бар. «Электронды кезек» терминалы 2016 жылдың 18 тамызда іске қосылған. Күніне терминал арқылы 300-310 науқас тіркеуден өтеді. Емхана қызметкерлерінің адал еңбегінің арқасында алған жетістіктері де аз емес. Атап айтар болсақ, былтыр «Медициналық қызметкерлер күнінде «Кезек күттірмейтін емхана» аталымы бойынша облыс әкімінің 500 000 теңгенің сертификатын иемденді. Емхана қызметкерлері күн-түн демей халыққа жоғары сапалы қызмет көрсетуді мақсат етеді. Емхана соңғы үлгідегі заманауи құрал-жабдықтармен толық жабдықталған. Сонымен қатар, дәрігерлер біліктілігін арттыру міндетін де естен шығармаймыз. Сапалы медициналық көмек арқылы ғана халықтың алғысына бөленіп жүрміз, — деді №3 қалалық аурухананың бас дәрігері Гүлстан Мақсұтова. Емханаға кірген кезде мүгедектерге жағдай жасалғанын аңғардық. Келген науқас есіктегі қоңырау тетігі арқылы анықтама бөлімімен байланысады. Емхана қызметкері көтерілетін лифтпен дәрігерге жеткізеді. Сондай-ақ емхана мүгедектерге арналған арбамен қамтылған. Негізгі мақсатымыз – тұрғындардың денсаулығын қорғау және жақсарту, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік және саяси бағдарламаларды жүзеге асыру, тіркелген тұрғындарға сапалы, қолжетімді медициналық қызмет көрсету. Аурухана алмастыру көмегін жетілдіру жұмыстарын атқарып, халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету үшін кәсіпорынның материалдық-техникалық құрамын нығайту бойынша жұмыстар атқарамыз. «Жүкті әйелдерді кедергісіз тіркеуді ұйымдастыру туралы» облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының №642 бұйрығына сәйкес емханада жүкті әйелдерді ерте есепке алу, скринигтік тексерулермен толық қамту, дер кезінде көмек көрсету мақсатында жүкті әйелдерді кедергісіз тіркеу үшін «Жасыл дәліз және жүкті әйелдерді тіркеу бөлімі» ұйымдастырылды, — деді бас дәрігер. Заманауи аппараттармен қамтамасыз етуден бөлек, технологиялық жаңалықтарды бес саусағындай игерген мамандар санын көбейту де қолға алынды. Осылайша халық денсаулығын жақсартып, нығайтуға үлес қосуға болады. №3 қалалық емханада науқастарға қолдау көрсету қызметі жұмыс істейді.

Мөлдір КЕНЖЕҒҰЛОВА

http://aqmeshit-zhastary.kz/news/emhana-zh-mysy-o-tajlandyryldy/

Просмотров: 1128 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]