Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



07:41
Елордада әлеуметтік көмек ретінде тіс протездеу қызметі тегін ұсынылады

фото: rusmedserv.com

Жыл сайын елордада Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы шешімімен бекітілген «Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасына» сәйкес тіс протездеу түрінде тегін қызмет көрсету қарастырылған. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Атап айтқанда, жеңiлдiктер Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, соларға теңестiрiлген адамдарға, жасы бойынша зейнеткерлерге, мүгедектерге ұсынылады. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне қызметтер кезектен тыс көрсетіледі. Қалған санаттардағы азаматтарға қызметтер кезек ретімен ұсынылады.

Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасына өтінішпен бірге жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, мекенжай анықтамасын, мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесін, уәкілетті медициналық ұйым берген тіс протездеу қажеттілігі жөніндегі медициналық қорытынды ұсынады. Тiсті протездеуге әлеуметтiк көмек екi жылда бiр рет көрсетіледі. Аталған әлеуметтік көмек шеңберінде медициналық көрсеткіштер болған жағдайда ауыз қуысына арналған ем-дом шаралары атқарылады.

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/164515-tis-protezdeu-yzmeti-tegin-synylady

Просмотров: 1058 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]