Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



09:24
ЕЛІМІЗДЕ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІ НАУҚАСТАРҒА АУРУ БЕЛГІЛЕРІНЕ ҚАРАЙ КӨМЕК КӨРСЕТЕТІН БОЛАДЫ

Еліміздегі жедел жәрдем станциялары енді ауру белгілеріне қарай қызмет көрсетеді. Тұрғындар тарапынан түскен шақыртулар сарапталып, науқастың жағдайы анықталады.
Шұғыл медициналық көмектің жаңа ережелері қандай? Алматыдағы жедел жәрдем қызметіне тұрғындардан күніне 3 мыңға дейін шақырту түседі. Бір науқасқа күніне 10-12 рет баратын кездер болады дейді фельдшерлер. Мұндай негізсіз шақыртулар шын мәнінде медициналық көмекке зәру жандарға дер кезінде жетуге кедергі. Сондықтан бұдан былай жедел жәрдем науқастың жағдайына қарай көмек көрсетілетін болады.
Жедел жәрдем станциясына келіп түскен шақыртулардың көпшілігі шұғыл медициналық қызметті қажет етпейді. Басы ауырып немесе аздаған жарақаты үшін жедел жәрдем шақыртатын азаматтар бар”, – дейді жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары Артур Кенжебаев.
Жаңа ереже бойынша енді есін білмей талып қалған, тыныс алуы тоқтаған, ауыр жарақат алған науқастарға жедел жәрдем 10 минут ішінде жетеді. 2-топқа жататын демікпе, дене қызуы көтерілген 3 жасқа дейінгі балалар, уланған, басы айналған науқастарға 15 минутта медициналық көмек тобы келеді. Ал жеңіл жарақаттар, іш ауруларына жедел жәрдем қызметі 30 минутта барады.
Біздің диспетчерлеріміз науқастың жағдайын бағалайды. Егер шұғыл көмек керек болса, жедел жәрдем жолға шығады. Ал егер созылмалы ауру бірнеше күннен бері мазалап жүрген, 4-ші топқа жататын науқастардың шақыртуын емханада жасақталған шұғыл медициналық көмек қызметіне жібереміз. Сол жердегі білікті дәрігерлер тиісті көмек көрсетеді”, – дейді Жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары Артур Кенжебаев.
Емханалардағы шұғыл қызмет бөлімі тәулік бойы жұмыс істейді. Айта кетейік, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгеннен кейін де жедел жәрдем қызметі барлық азаматтарға тегін көрсетілетін болады.
Шұғыл медициналық көмек сақтандыру жүйесінен тыс барлық Қазақстан азаматтарына көрсетілетін болады. Оған жұқпалы аурулардың 16 түрі, өкпе ауруы, қатерлі ісік пен қант диабеті, сирек кездесетін ауру түрлері мен психикалық ауытқуы бар науқастарға алғашқы көмек көрсетіледі. Ал оны тексеру, ары қарай емдеу шаралары сақтандыру аясында ғана жасалады”, – дейді қалалық №14 емхананың бөлім меңгерушісі Зарифа Сәрсенбаева.
Алматы қаласы бойынша 177 жедел жәрдем бригадасы бар. Шақырған орынға аз уақытта жету мақсатында жедел жәрдем көліктерінің орналасу картасы да жасалған.

http://stan.kz/

http://aqmeshit-aptalygy.kz/elimizde-zhedel-zh-rdem-yzmeti-nau-astar-a-auru-belgilerine-araj-k-mek-k-rsetetin-bolady/

Просмотров: 992 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]