Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



13:39
Елімізде әрбір азаматтың электронды денсаулық сақтау төлқұжаты пайда болады

Енді елімізде әрбір азаматтың электронды денсаулық сақтау төлқұжаты пайда болады. 2018 жылдан бастап қазақстандықтардың барлық медициналық жазбалары электронды түрде сақталмақ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Үкімет қабырғасында өткен брифингте мәлімдеді. Сондай-ақ ведомство басшысы міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты түсініктеме берді. Айтуынша, жүйе жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер үшін осы жылдың бірінші шілдесінен табысы жоқ азаматтар үшін келер жылдың бірінші ақпанынан, ал жұмыс істейтін адамдар үшін 2019 жылдан бастап енгізіледі. Медициналық сақтандыру аясында бұқара халық амбулаторлы-емханалық пен стационарлық көмек алып, күндізгі стационарда емделе алады. Сонымен қатар жоғары технологиялы медициналық қызмет пен тегін дәрі-дәрмекке қол жеткізеді.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Әлеуметтік медициналық сақтандыру заңында тура жазылған. Жұмысшылар 1 пайыз төлейді. 100 мың теңге айлығынан бір мыңын денсаулық сақтауға төлесеңіз, біз жыл сайын 1 трлн ақша денсаулық сақтау саласына жібереміз. Ол бір адамның басына 55 мың теңге жұмсаймыз. Бірақ кейбір ауруларда 5-6 млн теңге бір емдеуге жібереміз. 2019 жылдан бастап жыл сайын сіз 12 мың теңге төлейсіз. 2020 жылдан бастап 2 пайыз төлейсіз. Ал әлеуметтік қорғалмаған азаматтар үшін жарна мемлекет есебінен төленеді. Бұл санатқа балалар, көпбалалы аналар, соғыс ардагерлері, зейнеткерлер, мүгедектер, жетім балалар, студенттер, декреттік демалыстағы тұлғалар, жұмыссыз адамдар, жүкті әйелдер мен жазасын өтеушілер кіреді.

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/165166-densauly-sa-tau-t-l-zhaty-pajda-bolady

Просмотров: 1136 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]