Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



13:50
Елімізде педиатрлар енді 10 жыл оқиды

 Елімізде биылдан бастап педиатрлық факультет ашылып, балалар дәрігерлері дайындалады. Жақсы педиатр болу үшін кем дегенде 10 жыл оқу керек. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Биылдан бастап балалар дәрігерлері дайындалады. Бізге 5 мың педиатр қажет. Бұл мәселені жергілікті әкімдіктермен бірге қарастырып жатырмыз. Жақында Үкіметке өз ұсынысымызды жеткіземіз», - дейді министр.
Елжан Біртановтың айтуынша, елімізде педиатрлар жеткілікті, бірақ жақсы педиатр болу үшін кем дегенде 10 жыл оқу керек.
«Дамыған елдерде педиатрлық факультеттер, педиатрлық университеттер жоқ. Медицина факультетінде 7 жыл оқиды, одан кейін 3 жыл резидентурада білімін жалғастырып, педиатр болып шығады. Біз де балаларымызды ойласақ, дәрігерлердің сапасына мән беруіміз керек», - деп түсіндірді ол.
Министр қазір медицинада ақпарат көп болғандықтан, балалар дәрігерін 5 жылдың ішінде дайындау мүмкін емес екенін айтады. Сондықтан осындай шешім қабылданыпты.
«Педиатрлық факультет ашуға мүмкіндігіміз бар. Ол жағын қарастырып жатырмыз. Бірақ педиатр болғысы келетін жас мамандар аз. Себебі ынталандыру жағы төмен. Бұл мәселені шешуіміз керек. Жалақысын көтеріп, басқа да ынталандыру тетіктерін енгізу қажет. Бұл салаға келген мамандарға, әрине, қолдау көрсетеміз», - деп атап өтті Біртанов.
Оның пікірінше, ең негізгі мәселе – диагностика мен ем-шараларының сапасын көтеру. Оған қазір терапевтер жауапты.
«Олардың дайындығы меніңше жақсы. Қазір оларды оқыту мәселесін шешіп жатырмыз. Педиатр-маман дейміз, педиатр-невропатолог, педиатр-эндокринологтар расында жетіспейді. Бірақ оған да қызығушылық танытып жатқандар шамалы. Сондықтан факультет ашсақ, бәрі шешіле салмайды», - деп түсіндірді ведомство басшысы.

http://syrboyi.kz/zedelnews/10009-elmzde-pediatrlar-end-10-zhyl-oidy.html

Просмотров: 1259 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]