Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



21:50
Елімізде МӘМС жүйесі қалай іске қосылады?

03.05.2017,

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар бірқатар құжатты қарап жатыр. Оның арасында денсаулық сақтау мәселелері бойынша заңнама да бар. Жоба елімізге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге бағытталған. Бұл мәселе бұған дейін қоғамда сан мәрте талқыланды. Бүгін құжатты таныстырған Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап жұмыс берушілер ай сайын ең төменгі жалақының 1 пайызын сақтандыру қорына аударуы керек. Келер жылдан бастап жарнаның көлемі 1,5 пайызды құрайтын болады. Ал кəмелеттік жасқа толмаған мүгедек балаға қарап отырған ата-аналар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне қол жеткізе алады. Сондай-ақ атажұртқа қоныс аударған жұмыс істемейтін қандастарымыз бен Қазақстан Республикасынының азаматы болып табылмайтын тұлғаларға да аталған көмек түрі қолжетімді. Бұған қоса, жедел жəрдем көмегіне барша азаматтар тегін жүгіне алады. Қатерлі ісік сынды аса қауіпті ауруға шалдыққан науқастарға да қазіргідей мемлекет тарапынан тегін медициналық көмек көрсетіледі. Жол жүрісі туралы заң жобасы да бүгін екінші оқылымда талқыға түседі. Құжат аясында жол ережесін жеңіл-желпі бұзғандар үшін төленетін айыппұл көлемін төмендету қарастырылып отыр. Көліктің жарығын қоспай жүріп ұсталған жүргізушілер бірден айыппұл төлеуге міндетті емес. Ережені бірінші рет бұзса, тек ескерту беріледі. Ал кезекті рет қайталанған жағдайда кешірім болмайды. Айыппұл төлейсіз. Бірақ оның көлемі азаятын болды. Қазір 5 АЕК болса, енді 3 АЕК-ке дейін төмендейді. Сондай-ақ мүгедектерге арналған тұраққа көлігін қойып кеткендерге қолданылатын әкімшілік жаза да біршама жеңілдемек. Бұдан бөлек, депутаттар «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасындағы қызметтік және азаматтық қаруды өткізу туралы» келісімді ратификациялады. Енді «Табиғи теріден жасалған киім заттары, киімге керек-жарақтар және өзге де бұйымдарды тауарларды бақылау белгілерімен таңбалау» жөніндегі хаттаманы қарайтын болады.

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/basty-zha-aly-tar/item/175570-elimizde-m-ms-zh-jesi-alaj-iske-osylady

 

Просмотров: 944 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]