Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



18:27
Елімізде бір жылдың ішінде 10 мыңға жуық адам туберкулезге шалдыққан

Оңтүстікте емес елімізде бір жылдың ішінде 10 мыңға жуық адам туберкулез ауруын жұқтырған. Бұл жайында бүгін Алматыда өткен баспасөз жиынында фтизиО Пуль Монологтар хабарлады. Айтуларынша, ересектер арасында таралған өкпе ауруы соңғы жылдары балаларға да ауыз сала бастаған.

 

  • i нашарлаған және жиi ауыратын балалардың ағзасында туберкулез микробактериясының өсiп-өнуiне мүмкiншiлiк мол -дейді дәрігерлер. Тек былтырғы жылы өкпе ауруын 770 бала жұқтырып, тіркеуге алынған. Десе де туберкулездi жұқтырған жасөспірімдердің барлығы бiрдей ауруға шалдықпайды екен. Ағзаның күрес қабілетін арттыру үшін арнайы дәрі-дәрмек ішіп, зиянды микобактерияны өкпе қабынбай тұрып құртуға болады -дейді мамандар.

 

ҚАҒАЗ СЕРІКБАЕВА, Денсаулық сақтау министрлігінің бас фтизиопедиатры:

- Алдын-ала жүргізілген ем ол Изонизит деген дәрімен жүргізіледі. 6 айдың мөлшерінде 180 доза алу керек. Солардың арасында өте сирек дәріні көтермеуі болады.

 

Былтырғы жылы 4290 баланың бес жүздейі ғана БЦЖ вакцинасын қабылдаған екен. Себебі егу шараларына үрке қарайтын ата-аналардан рұқсатын алу қиын дейді мамандар. Осы уақытқа дейін еліміздегі 12 бала ағзасында туберкулезге қарсы иммунитет қалыптаспағандықтан аурудың ауыр түріне шалдығып көз жұмған екен. Бұған ата-аналардың діни көзқарастары да себеп болған көрінеді.

 

ЖҰМАҒАЛИ ИСМАИЛОВ, Ұлттық туберкулезге қарсы орталық директоры:

  • Жалпы оның таралуы барлық облыстарда бар. Бірақ көпшілігі Батыс облыстары, Шығыс Қазақстанда да, кеше ғана Алматы облысында 240 ата-ана баласына вакцина егуден бас тартқан.

 

Қаіргі кезде 100 мың адамға шаққанда туберкулезбен ауыратын 52 адам тіркеліп отыр. Десе де фтизиопульмонологтар мәжбүрлі түрде балаларды егу жұмыстарына әлі де қарсы.

 

Жанар Жолтаева, Данияр Жүсіпов

http://www.31.kz/video/show/id/17044/show/ib

https://www.youtube.com/watch?v=ApWsPV_8fgA

Просмотров: 832 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]