Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



08:24
Елімізде 70-тен астам балаға тегін пластикалық операция жасалды

26.05.2017

Отандық және америкалық дәрігерлер 70-тен астам қазақстандық балаға тегін пластикалық операция жасады. Бет-жақ тұсындағы туабітті кемістікті, қоянерін, күйіктен кейінгі тыртығы бар балаларға жасалған операция бес күнге жалғасты. «Болашағымыз балалар» атты әлеуметтік жоба аясында жасалған игі шараны «Асыл бала» республикалық қауымдастығы мен АҚШ-тың халықаралық көмек тобы бірлесіп жүргізді. Пластикалық хирург Джек Демостың айтуынша, қазір балалардың денсаулығы жақсы.

Джек Демос, хирург дәрігер:

- Біз осы бес күннің ішінде 70-тен астам балаға бақыт сыйладық деп айта аламын. Пластикалық операцияны жасау барысында қазақстандық дәрігерлердің көмегі көп болды. Жергілікті хирургтердің кәсібилігін жоғары бағалаймын. Операция жасаған балалардың кейбірі ертең үйлеріне шығады.

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/179023-elimizde-70-ten-astam-bala-a-tegin-plastikaly-operatsiya-zhasaldy

 

Просмотров: 1031 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]