Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты



06:52
Дiндарлар екпеге қарсы

Ақтөбе облысы Темiр ауданында 300-ден астам отбасы жаңа туған нәрестелерiнедiнде тыйым салынғандеген себеппен екпе салдырудан бас тартып жатыр. Бұл жөнiнде аудандық аурухана меңгерушiсi Ханым Балғазина мәлiмдеген.
Бас дәрiгердiң айтуына қарағанда, қазiр ауруханада мамандар екпеден бас тартқан ата-аналарға түсiндiру жұмыстарын жүргiзiп жатыр.
Олар бөгде адамдармен сөйлеспейдi. Сол үшiн бiр әйел дәрiгер және бiр ер дәрiгердi арнайы түсiндiру жұмыстарына бөлдiк. Олармен дiнтанушылар, әкiмдiк және прокуратура қызметкерлерi әңгiмелестi. Бiрақ кеше екпеге тек үш адам келдi, – дейдi Ханым Балғазина.
Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау бaсқармасының басшысы Әсет Қалиевоблыс бойынша ата-аналары екпе салдыруға қарсы болған екi жарым мыңнан астам бала бардеген дерек келтiредi. Оның айтуынша, мұндай отбасылар Алғын, Мұғалжар, Темiр және Шалқар аудандарында және облыс орталығы Ақтөбе қаласында көп.

Сурет your-baby.com.ua сайтынан алынды

http://zhasalash.kz/zhasalash-akparat/19353.html

Просмотров: 1040 | Добавил: психолог | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]